"Ертіс өңірі: жаңартылған білім мазмұнын меңгертудің инновациялық тəжірибелері"
31наурыз күні Павлодар қаласының №25 мектебінде С.Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойына орай өткізілген І республикалық форумы аясындағы олимпиадаға гимназияның 4"ə" сынып оқушылары қатысып, келесі жетістіктерге қол жеткізді: Тоқташева Көркем ІІ жүлделі орын, Абылай Əділет пен Мухамматова Ақерке "Əлем балалар көзімен" атты номинация. Жетекшісі Нахметова Əсел Назымбекқызы. Жеңістерің құтты болсын!!!
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пəндер бойынша республикалық олимпиада
Қостанай қаласында 2018 жылғы 25-29 наурыз аралығында өткізілген қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада 11-сынып оқушысы Боранбай Бихан Қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Қажырлы еңбектің нəтижесінде тамаша жетістікке қол жеткізген Бихан мен жетекшісі Ибраева Бақыт Шаймардановнаны құттықтаймыз!
ІХ облыстық «Махамбет оқулары»
2018 жылғы 29 наурыз күні Павлодар қаласында өткен ІХ облыстық «Махамбет оқулары» конкурсында "Ел құтқарар ер едім" бағыты бойынша гимназияның 8ə сынып оқушысы Хаманай Асхат жүлделі ІІІ орынды иеленді. Асхатты осы додаға дайындаған жетекшісі Дюсенбаев Əскербек Құлтайұлы. Жеңістеріңіз құтты болсын! Асхатқа "алар асуларың биіктей берсін" деп тілейміз.
XIV облыстық мұғалімдердің пәндер олимпиадасы
2018 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебінің жанында жалпы білім беру пәндері бойынша жыл сайынғы XIV облыстық мұғалімдердің пәндер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптар бойынша «Педагогикалық олимп шыңына» номинациясы Елубаева Мария Сейсеновнаға берілді. Құттықтаймыз!
"Айналайын" республикалық жас таланттар фестивалінің Гран При иегерлері
Ақтөбе қаласында өткен "Айналайын" республикалық жас таланттар фестивалінде гимназияның "Айгөлек" тобы Гран При иегері атанды. Топ мүшелері Тастемір Гүлзат пен Каршыгаева Айгерімді және олардың жетекшісі Динара Нигматуловна Зембаеваны құттықтаймыз. Əрқашан өнердің биік шыңынан көрініңдер!
Облыстық STEM олимпиадасы
Гимназия оқушылары облысымызда алғаш өткізілген STEM олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Топ мүшелері Мукушев Жанболат, Куатов Алихан, Зияда Дильнара, Қабдолла Дильназ. Жетекшісі Атик Бибигуль Васильевна. Жеңістерің құтты болсын!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай сағаты туралы ақпарат
14 наурыз сағат 11.00-де 5-11 сынып оқушылары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған сынып сағаттары өткізілді. Барлығы сынып сағатымен 175 оқушы қамтылды. Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздегі жемқорлықпен күрес туралы, заңнамалар мен қолданылатын жазалар туралы ақпарат алды. Сондай-ақ бейнефильм көрсетіліп, өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салды.
ХІХ облыстық Абай оқулары
Павлодар қаласында өткен ХІХ облыстық Абай оқуларында мектебіміздің мерейі үстем болды. 9ə сынып оқушысы Жомарт Ақтоты І орынды, (жетекшісі Нургалиева Д.А.), 7 сынып оқушысы Садыбеков Жандос ІІІ орынды (жетекшісі Шапауова А.С.), 6а сынып оқушысы Алимжанов Əлібек ІІІ орынды (жетекшісі Солтанова Г.С.) иеленді. Нургалиева Дария Амантаевна "Ұстаздық еткен жалықпас" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз.
Хабрландыру
Құрметті гимназия ата-аналары. ҚР БжҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі 355 бұйрығына сәйкес мектепішілік Қамқоршылық кеңес құрылады және оның құрамына әр сыныптан бір ата-анадан сайланады. Ұсыныстар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: gimnaziya-aksu-metodkab@mail.ru. Телефон: 8(71837)6-42-94
«Мен жұлдызбын!» халықаралық конкурс-фестиваліннің жүлдегерлері
2018 жылдың 2-5 наурыз күндері аралығында Астана қаласында өткен «Мен жұлдызбын!» халықаралық көпжанрлы конкурс-фестиваліне гимназияның «Мұрагер» домбыра ансамблі қатысып, І дәрежелі дипломмен маратталды. Бүлдіршіндерімізді және олардың жетекшісі Солтанова Гульжанат Сарсенбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз!
ХVII қысқы облыстық бағдарлаудан спартакиада
2018 жылдың 23-25 ақпан аралығында Павлодар қаласында өткен Мектеп оқушылары арасындағы ХVII қысқы облыстық бағдарлаудан қалалық командалары арасында біздің "ЭКСТРИМ" туристік командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
"Ең үздік бастауыш сынып жетекшісі - 2018" мектепішілік байқауының қорытындысы
24-ақпан күні гимназияның мəжіліс залында "Ең үздік бастауыш сынып жетекшісі - 2018 " байқауы өтті. Сынып жетекшілері барлық шеберлігі мен қабілетін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша Жақсыбекова М.Ж.- жаңашыл сынып жетекші, Нахметова Ə.Н. - креативті сынып жетекші, Омарова А.Р. - шығармашыл сынып жетекші, Елубаева М.С. - білікті сынып жетекші номинациясы бойынша марапаталса, "Үздік сынып жетекші" атағын Аубакирова А.И. иеленді.