Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Жаңалықтар
«Ақбота» республикалық марафонының жеңімпаздары
13-12-2016 13:30
«Ақбота» республикалық марафонының жеңімпаздары
2016 жылдың 28 қазанында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 3-10 сынып оқушылары арасында «Ақбота» республикалық марафонын өткізді. Аталмыш марафонға гимназиядан 83 оқушы қатысып, 36 оқушы жеңімпаз бен жүлдегерлер атанды. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
13-12-2016 13:07
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2016 жылдың 6 желтоқсан күні ПМПИ негізінде 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша гимназияның оқушылары Жанкушуков А., Жандарбек Ж. /11 с./ І орынға, Алимова Н. /10 с./ ІІ орынға, Аубакиров А., Темиржанов А. /11 с./, Замирбек С., Боранбай Б., Кабыкен І. /10 с./ Кабышева Д., Тастемир Г., Исабеков И., Толегенова Д. /9 с./, Алимов А. /8 с./ ІІІ орынға ие болды.
Ұлттық валюта күніне орай өткізілген шаралар
30-11-2016 11:52
Ұлттық валюта күніне орай өткізілген шаралар
Ұлттық валюта күніне орай гимназияда «Тенге-Қазақстан Республикасының мемлекеттік символы», «Ұлттық теңге – мақтанышымыз», «Ұлттық теңге тарихы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Орта буын оқушылары ұлттық тенге туралы тарихи деректерге көп мән беріп, теңге сөзінің шығуы, ежелгі ақшалар мен монеталдар туралы ізденіс жұмысымен айналысты, ақпараттарды оқып топпен талдап, пікірлерін ортаға салып жұмыс жасады.
Жарайсыңдар, балалар!
29-11-2016 14:10
Жарайсыңдар, балалар!
Қараша айында «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГЕНДІК ҚОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған республикалық қашықтық «Жырлайды жүрек» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Гимназияның 2а-сынып оқушысы Амангелді Абдулкәрім II дәрежелі дипломмен және 2ә-сынып оқушысы Шокушев Ерхат III дәрежелі дипломмен марапатталды.
V облыстық кешенді олимпиадасы
29-11-2016 10:23
V облыстық кешенді олимпиадасы
Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 2016 жылғы 24 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша гимназияның 6-сынып оқушысы Хасенов Еркебұлан ІІ орынға, 5-сынып оқушысы Есмуханов Ансар ІІІ орынға ие болды. Мұғалімдері Алькеева З.Б., Муканова Б.Қ., Муханова У.К. және Абраева Д.И. Құттықтаймыз!
Психологиядан бірінші республикалық қашықтық олимпиадасы
29-11-2016 10:16
Психологиядан бірінші республикалық қашықтық олимпиадасы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" РҒТО 2016 жылғы 19-20 қазан күндері аралығында білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары арасында психологиядан бірінші республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша гимназияның 11-сынып оқушысы Алиханова Томирис І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады
25-11-2016 11:11
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілген танымдық шаралардың бірі «Туған жерім-тұғырым, өскен елім - өзегім» атты тықырыптағы таңғажайып алаңы ойыны. Қатысушылар еліміздің тарихы мен Ақсу өңірі туралы қызықты сұрақтарға жауап бере отырып таңдалды. Ойын барысында оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері, Астана қаласындағы тарихи ескерткіштер, қазақ хандары...
«Балаларға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар Форум-фестивалі
24-11-2016 09:57
«Балаларға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар Форум-фестивалі
Астана қаласында 2016 жылдың 21-22 қараша аралығында «Балаларға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар мен жасөспірімдер Форум-фестиваліне 10-сынып оқушысы Ержинбаева Мадина шақырылды. Оқушылар сарайында 16 аймақтан келген делегация таныстырылып, планетарийге экскурсия, Қазақстан Республикасындағы саясат, өнер салаларындағы танымал қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Астана қаласындағы "Əлемді өзгертетін идеялар" атты семинар
24-11-2016 09:49
Астана қаласындағы
9-сынып оқушысы Тастемір Гүлзат Астана қаласындағы "Əлемді өзгертетін идеялар" атты семинарға қатысып келді. Семинардың ең басты мақсаты жастарды Елбасының «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» стратегиялық жоспарымен таныстыру, болашаққа бағдарлау, тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктерін паш ету. Сапар барысында өте елеулі мәселелер талқыланды, барлық шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Жемқорлық індет, жою міндет» атты тәрбие сағаты
24-11-2016 09:28
«Жемқорлық індет, жою міндет» атты тәрбие сағаты
22-қараша күні 6 сыныпта гимназияның аға тәлімгердің ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет, жою міндет» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға адам құқтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру, патриоттық тәрбие қалыптастыру болатын. «Адамдар неге жемқорлыққа барады? Жемқорлықты қалай жоюға болады?» деген сұрақтар қоя отырып, оқушылармен пікірталас өткізілді.
Таулы туризм техникасы бойынша ашық чемпионаты
15-11-2016 10:41
Таулы туризм техникасы бойынша ашық чемпионаты
Павлодар қаласының СЮТур балалар аула клубында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жабық ғимараттағы таулы туризм техникасы бойынша ашық чемпионат өтті. Гимназияның 1, 2, 5 сынып оқушылары осы чемпиоанатқа қатысып, 1-сынып оқушысы Маратұлы Ибрагим ІІ орынды иеленді. Ал жетекшісі Мухитова А.Б. Алғыс хатпен марапатталды. Алғашқы рет қатысып отырған барлық 1, 2 сынып оқушыларына мадақтама берілді.
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде" облыстық конкурсы
08-11-2016 04:52
2016 жылғы 4 қараша күні Павлодар қ. №16 лицей-мектебі базасында Павлодар облысының білім беру басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған, дәстүрлі «АКТ білім беруде» облыстық конкурсы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша оқушылар арасында 7а-сынып оқушысы Қабдолла Дильназ І орынға, 9-сынып оқушысы Лайыков Нурсултан «Бағдарламашы оқушы» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!