Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
18-09-2020 11:51
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
17 қыркүйек күні "Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?" атты жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында: оқыту платформасында жұмыс жасау; "Онлайн-мектеп" ресурсын қолдану; оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау; балаларға берілетін тапсырмалар көлемі сияқты мәселелер бойынша нақты ақпарат түсіндіріліп, сауалдарға жауап берілді.
1-қыркүйек Білім күні
01-09-2020 15:19
1-қыркүйек Білім күні
Бүгін 1-қыркүйек Білім күніне орай 1 сынып оқушыларына салтанатты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Барлық санитарлық талаптарды сақталды: дене қызуын өлшеу, қолды өңдеу, антисептикалық кілемшелер мен дәліздер қолдану, кабинетті кварцтау. Балалар 2 топқа бөлініп, салтанатты шараға қатысты.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
31-08-2020 16:45
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Білім күніне арналған салтанатты жиын онлайн форматта Microsoft Teams платформасы арқылы ұйымдастырылады. Басталуы: 1 қыркүйек, сағат 10.00.
Облыстық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ 2020" байқауының жеңімпазы
31-08-2020 16:07
Облыстық
Гимназияның тарих және география пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна "ҮЗДІК ПЕДАГОГ 2020" байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. Әріптесімізді құттықтай отырып, республикалың кезеңінде сәттілік тілейміз!
""Olympic Summer School" жазғы мектебінің диплом иегері
31-08-2020 15:30
"Дарын" реапубликалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жазғы мектебіне математика-жаратылыстану пәндері бойынша қатысып, жоғары білім көрсеткені үшін 7а сынып оқушысы Асанбай Жадыра дипломмен марапатталды.
Ата-аналар назарына❗
31-08-2020 15:15
Ата-аналар назарына❗
Ата-аналар назарына❗ Жаңа оқу жылын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы
Гимназияда жалпы республикалық сынып сағаттары өткізілді
26-08-2020 14:35
Гимназияда жалпы республикалық сынып сағаттары өткізілді
21 тамыз күні жалпы республикалық сынып сағаттары қашықтықтан ұйымдастырылды. Балаларға жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтықтан оқу кезіндегі Интернет платформалар, денсаулықты сақтау ережелері, балаларды бағалау жүйесі, интернетте жұмыс істеу ережелері, кезекші сыныптардағы санитарлық талаптар түсіндіріліп, сауалдарға жауап берілді.
Гимназияда жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді
26-08-2020 14:05
Гимназияда жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді
20 тамыз күні онлайн форматта жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға жаңа оқу жылының ұйымдастырылу ерекшеліктері, штаттық режимдегі санитарлық талаптарды сақтау, білім алушыларды бағалау жүйесі, баланың оқу режимі мен демалысын ұйымдастыру, қолданылатын интернет-платформалар таныстырылып, ата-аналарды мазалайтын сауалдар талқыланды.
Гимназияда жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті
26-08-2020 13:25
Гимназияда жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету мақсатында гимназиямызда жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізілді.
«KazRoboProject - 2020» республикалық байқауының номинация иегерлері
15-07-2020 11:24
«KazRoboProject - 2020» республикалық байқауының номинация иегерлері
Дәстүрлі түрде өтетін Робототехникадан жобалар байқауы пандемияға байланысты онлайн іріктеу турынан сәтті өтіп, Республикалық «KazRoboProject - 2020» қатысқан Жалешева Айым және Жалешева Аяна арнайы номинацияға ие болды. Жетекшісі Атик Бибигуль Васильевнаны және оқушыларымызды құттықтаймыз!
Еңбегіне қарай құрмет, өнегесіне қарай сый – ізет
14-07-2020 14:15
Еңбегіне қарай құрмет, өнегесіне қарай сый – ізет
Беделің-сәулетің, еңбегің-дәулетің деген әке өсиеті өмірлік ұстанымы болған ардагер - ұстазымыз, Ақсу қаласының, Павлодар облысының «Құрметті азаматы» Рымкеш Хамитқызы Сламбекова 70 жасқа толды. Шәкірттерінің санасына ақыл ұялатып, әріптестерінің мақсатын нәтижеге жетелеген абыройлы зейнеткерімізге мызғымас деңсаулық пен талмас талап тілей отырып, алдағы уақытта да барлық бастамасы оң болып, сәтті жалғасын тапсын деп тілейміз.
"Ең үздік бейне" мектепішілік байқауының қорытындысы
14-07-2020 12:40
29 маусым мен 5 шілде аралығында "Балауса" қашықтық лагерінің балалары "Ең үздік бейне" байқауына қатысқан еді. Нәтижесі төмендегідей: 1️ орын Ерсинова Жания; 2 орын Сейфолла Азат, Сайрамбек Аңсар; 3 орын Туранова Нұрсана, Салих Аружан, Каркен Айя. Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Байқауға қатысқан балалардың ата-аналарына үлкен алғыс білдіреміз.