Жыл соңында оқушылар марапатталды
2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялады.
Гимназиямызда жыл бойы балалардың дамуы мен шығармашылық, танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Жыл соңында гимназия директоры А.Дюсембаев, "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан балаларды дипломмен, сыйлықтармен марапаттап, барлық шараларды қорытындылады.
Астана қаласындағы сайыстан гимназия оқушылары жеңіспен оралды
USTEM Robotics ұйымдастыруымен 2022 жылы 24 желтоқсан күні Quantum STEM мектебінде өткен First LEGO League Challengeнің аймақтық кезеңіне қатысқан гимназиямыздың "Самғау" командасы жүлделі І орынға ие болды. Қаңтар айында Алматы қаласында өтетін ұлттық чемпионатында да биік белестен көрінуге бұйырсын. Самғау командасын және жетекшісін Атик Бибигуль Васильевнаны құттықтаймыз!
Қалалық волейбол сайысының жүлдегерлері
Қалалық волейбол сайысында гимназияның қыздар командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Жетекшісі Зупар Жанибек пен команда мүшелері қыздарды құттықтаймыз.
Мектепте шахматтан жарыс өтті
Балалар жылының аясында мектепте шахматтан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
3-4 сынып ұлдар:
1 орын Нұрланбек Мәди 4a сынып,
2 орын Упеков Ибрагим 3 сынып.
3 орын Сайрамбек Ансар 4ә сынып.
3-4 сынып қыздар:
1 орын Ермек Аруана 4ә сынып,
2 орын Жеңіс Шахназ 3 сынып,
3 орын Салих Аружан 4а сынып.
Ұлы ғалымның есімі берілді
Тәуелсіздік күні қарсаныңда гимназиямызға Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімінің берілуіне орай 12-15 желтоқсан аясында «Ғасыр данасы» тақырыбында апталық өтті. Апталықты қорытындылау барысында Қаныш ағамызға арналған «Даланың дана ұлы» атты конференция өтті. Конференция қонақтары: Ақсу қ. әкімінің орынбасары Н. Байбакиров, облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Б.Т. Аушахманова және т.б. қонақтар.
Үлгілі "Айгөлек" би ансамблінің жеңісі
Астанада қаласында өткен республикалық «Думанды елім» байқауында "Халықтық би" номинациясы бойынша Бас жүлде. "Эстрадалық би" номинациясында Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, 8 наурызда өтетін телевизиялық салтанатты шараға шақыру алды.
Қос бірдей жеңісті сыйлаған жетекші Зембаева Динара Нигматуллақызына және тәрбиеленушілеріне алғыс білдіреміз. Құтты болсын!
"Ақсу толқыны" аймақтық фестиваль-конкурсының жеңімпазы
Тәуелсіздік күні қарсаңында 7 сынып оқушысы Жукенова Жания Балалар шығармашылығының "Ақсу толқыны" аймақтық фестиваль-конкурсының Аспаптық жанр номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!
ХХІІ халықаралық "Новогодний переполох" конкурс-фестивалінің жеңімпазы
ХХІІ халықаралық "Новогодний переполох" конкурс-фестивалінде 200 қатысушының арасынан Бас жүлдені гимназиямыздың 6ә сынып оқушысы Марк Нұртас жеңіп алды. Жетекшісі мен Нұртасты жеңісімен құттықтаймыз.
Алар асуың, шығар биігің асқаралы болсын!
Облыстық үстел теннисі сайысының жүлдегері
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен облыстық үстел теннисі сайысында 4а сынып оқушысы Жалешева Аяна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Павлодар облысының ашық чемпионатының жүлдегерлері
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген туристік көпсайыстан Павлодар облысының ашық чемпионатында гимназияның "Экстрим" командас 1, 2, 3-орындарға ие болды. Айсулу Бөкенбаевна мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Жарайсыздар!
Кіші Сәтбаев олимпиадасының қорытындысы
«Ғасыр данасы» апталығы аясында 5-6-сынып оқушылары арасында Кіші Сәтбаев олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 118 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлдегер атанды. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, жаратылыстану, математика пәндерінен өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.
Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол
Тәуелсіздік күні және Қ.Сәтбаев апталығы аясында ата-аналар арасында волейбол, теннис, нысанаға оқ атудан сайыстар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 1 орын 5”А” сынып командасында; 2 орын 6”Ә” сыныбы командасында; 3 орын 3 сынып командасында.