Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
21-05-2018 00:52
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
15 мамыр Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы барлық Қазақстан мектептерінде өткізілді. Гимназияда да ата-аналар шақырылып, мектепте атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Мектеп директоры М.Касенова "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар, жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан қызметіне баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
«Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері»
21-05-2018 00:39
«Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері»
Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2018 жылғы 16 мамыр күні мектеп оқушылары арасында «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсын өткізді. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау бойынша гимназияның 9-сынып оқушысы Жумабаева Дильнара ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Шапауова Асем Сембиевна. Құттықтаймыз!
"Күй өнерінің құдіреті" атты фестиваліне шақырамыз
14-05-2018 20:28
20018 жылдың 15 мамыр күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында гимназияда өтетін "Күй өнерінің құдіреті" атты фестиваліне шақырамыз. Бағалы мұраларымыздың бірі - күй. Ендеше күй тыңдап, ұлттық өнерді ұлықтауға асығайық. Фестивальдің басталуы сағат 14.00-де, өтетін орны: мәжіліс залы.
"Мәңгі өшпес ерлік" атты Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын
13-05-2018 20:39
8-мамыр күні гимназияда "Мәңгі өшпес ерлік" атты Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. ҰОС-да ерлік көрсетіп, Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен батыр бабамыздың майдандағы талай ерлігі мен ержүректігі туралы 8ә, 9ә сынып оқушылары көрініс көрсетіп, барлық мерт болған батырларды 1 минут үнсіз еске алды. Отан қорғаған батырларға өлең де, ән де, би де арналып, олардың ерлігі болашақ Отанқорғаушыларға жігер берді.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы
02-05-2018 19:09
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы
Өскемен қаласында «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 24-28 сәуір күндері Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысында 10-сынып оқушысы Карибаева Малика «Тіл шебері» номинациясымен және 9ә сынып оқушысы Кунтаева Әмина «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен мараппатталды.
ГИМНАЗИЯ ЖАҢА 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
30-04-2018 22:52
ГИМНАЗИЯ ЖАҢА 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылына 1, 5, 7, 9-сыныптарға оқушыларды қабылдау жүргізеді. Қабылдау байқауына қатысу 10.05.2018 дейін жалғасады. Өткізу орны: Ақсу қаласы, Әуезов көшесі,58, Байланыс телефоны: 6-42-94, 4-90-07, 5-16-81.
«Қауіпсіз интернет»
25-04-2018 23:47
«Қауіпсіз интернет»
24 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» ақпараттық кампаниясы аясында 6-11 сынып оқушылары арасында жиын өткізілді. Жиын барысында оқушыларға әлеуметтік желілерде дұрыс әрекет ету, ресуртарды дұрыс қолдану мәдениеті туралы, өзінің жеке басына қатысты ақпаратты енгізу ережесі жайлы ақпарат беріліп, ой бөлісілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерден келетін зиянды ақпараттардан қорғану жолдары туралы брошюралар таратылды
"Жарқын болашақ" Х Республикалық олимпиадасынының қорытындысы
25-04-2018 23:40
Астана қаласында 2018 жылғы 20-22 сәуір күндері өткізілген қазақ тілі мен әдебиетінен «Жарқын болашақ» Х республикалық олимпиадасы өтті. Гимназиямыздың 11 сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша "Тілші əдебиетшілер" бағытында қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Мұғалімі Дюсенбаев Аскербек Құлтайұлы. Құттықтаймыз!
Гимназияда "Екі жұлдыз" əн байқауы өтті
25-04-2018 23:37
Гимназияда
Гимназияда "Екі жұлдыз" əн байқауы өтті. Жүлделі орындар - ІІІ орын Касимова Гүлнұр мен Касимова Аружан; ІІ орын Шайзада Күнішай мен Берденбекқызы Əлия; І орын Іңкəр Нышанқызы мен Депутатов Алмас; ГРАН-ПРИ Ақмарал Еркінқызы мен Сабыржан Дильназ. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз. Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін.
Біздің спортшыларымызды құттықтаймыз!
16-04-2018 22:14
Біздің спортшыларымызды құттықтаймыз!
Гимназияның түрлі спорттық жарыстарда биік жетістіктерге жеткен жас спортшыларын құттықтаймыз. «Экстрим» туризм тобы мектеп оқушылары арасындағы ХХVІІ жазғы облыстық спартакиадасында спорттық бағдарлау бағытында жүлделі ІІ орынды иеленді. Топ құрамында: Такаранова Алуа, Айдаргалин Алижан, Жуматаев Тамерлан, Бағау Дильназ, Жомарт Айдын. Жетекшісі Дембельбаев Нуржан Арыстанбекович.
Гимназияда Дебат-пікірталас ойыны өткізілді
11-04-2018 20:10
Гимназияда Дебат-пікірталас ойыны өткізілді
9 сəуір күні 6ə, 8ə сынып оқушыларынан құралған "Ақиқат" жəне " Жарқын болашақ" топтары пікірсайыс алаңында кездесіп, "Мамандық таңдауға мемлекет бөлген гранттарды мүмкіндігінше пайдалануға тырысу керек" тақырыбы бойынша ойын өткізді. 10 сынып дебатерларынан құралған төрешілер "Жарқын болашақ" тобы ойын жеңімпазы деген қорытынды шығарды. Үздік спикерлер Баяманова Аида мен Қазтай Айшат.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиадасы
08-04-2018 23:46
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиадасы
2018 жылғы 4 сәуір күні Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша гимназияның 10 сынып оқушысы Карибаева Малика мен 9ə сынып оқушысы Кунтаева Амина ІІ орынды, ал 8ə сынып оқушысы Смагулова Диляра ІІІ орынды иеленді. Жетекшілері Нургалиева Дария Амантаевна мен Дюсенбаев Əскербек Құлтайұлы.