Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Ана тілім әлдилесін ғаламды
"Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл". Мұхитов Қасымхан, 11-сынып оқушысы
17-10-2013 18:23
Тәуелсіздігімізді алған жүрек жарды қуанышымызға биыл тағы тағы бір жыл қосылды. Егемендігімізді алып, ел болған жылы туған сәбилер жиырма жасқа толғалы отыр. Бұл әрине аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде елімізде қаншама өзгерістер болды. Іргеміз бүтінделіп, шаңырағымыз биіктей түсті. Бұрынғы Ақмола қаласы жаңа астанаға айналды. Бұл біз үшін ең ірі елеулі оқиға. Осындай ірі сәулетті жаңа астанамыз біздің мақтанышымыз болып қала береді. Ондағы түрлі ғимараттар, оқу орындары, қаланың көркемді
"Ана тілім - асылым". Ибраева Сая, 10-сынып оқушысы
17-10-2013 18:18
Қай ұлтта, қай елде болмасын ана тілі-қасиетті де құдіретті. Тіл-атадан балаға мирас болып қалатын өшпес мұра. Бізге мирас болған ана тіліміз-қазақ тілі. Мен үшін қазақ тілін құрметтеу - “мен қазақпын” деген азаматтың парызы деп білемін. Алайда қазір көптеген жастар тілін шұбарлап, өзге тілге бұрмалайтыны өкінішті-ақ. Туған елім-тірлігімнің айғағы, Тілім барды айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін Өшсе тілім мен де бірге өшемін - деп ақын
«Ана тілім-ардағым». Жакенова Дария, 8«Ә» сыныбының оқушысы
17-10-2013 18:11
Қазақтың әдеби тілі, басқа халықтардың әдеби тілі сияқты, мәдениеттілікке бастаушы қуатты құрал. «Ана тілді ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру керек. Ана тілімізге немқұрайлық танытып, қалай болса солай қараушылық - барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі» деп айтқан Сәрсен Аманжоловтың сөзіне қосыламын. Себебі, менің ана тілім - ана сүтімен дарыған тіл.
«Ана тілің – арың бұл». Мажинова Эльмира, 8«Ә» сыныбының оқушысы
17-10-2013 18:10
Тіл дегеніміз – адам ойын, пікірін жеткізетін басты құрал. Менің ана тілім – қазақ тілі. Ол – мен үшін өте қадірлі, құрметті. «Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы» деп Мұқтар Шахановтың айтқан сөзіне қосыламын. Әр адам баласының өз тілі бар. Мен өз тілімді сүйемін. Күнделікті сөйлеп жүрген тілім – қазақ тілі болғандықтан, оны басқа тілмен айтып, тіл қадірін кетіріп шұбарламаймын.
«Ана тілім -ардағым». Аманжолова Камила, 8«А» сыныбының оқушысы
17-10-2013 18:08
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Тілдің ең негізгі, яғни бірінші қызметі – адамдардың бір-бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
"Тілдің жөні бір бөлек..." Сатпекова Алемгуль, 10-сынып оқушысы
17-10-2013 18:06
Еліміз тәуелсіздік алғалы 20 жылдай уақыт өтті. Осы жылдардағы бастан кешірген тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізер уақыт жетті деген ойдамын. Небәрі 20 жыл уақыт ішінде жеткен жетістіктеріміз, асқан асуларымыз бен бағындырған белестеріміз аз емес. Дегенмен де, тілдің мәселесі сол қалпы. “ Баяғы жартас, сол жартас ”. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақша КТК ойындары, қазақша курстар, қазақ тіліндегі көптеген сайыстар, жасалып жатқан игі іс-шаралар аз емес.
"Тілдер тоғысы". Жүнісов Жантас, 8-сынып оқушысы
17-10-2013 18:04
Талай-талай тартысқа түскен тұста, төзімділік танытқан, тәуелсіз, тұғырлы, туы төрінде тұрған тілімізді, тарихымызды танитындарда, танымайтындарда таңқалуда. Тіл туралы тақырыпты түртіп, тақырыпты тілге тиектегенім теледидарды тамашалап тұрғандағы телефонмен тілдесудегі, таусылмайтын тынымсыз тіршіліктегі, тағысы-тағы талай тұстарда тоғысатын тілдік тоғысулар, туған тіліміздің тағдыры. Толықтай түссем, тіліміздің туғандары тілге түрлі-түрлі тілдерді тоғыстырады, танымайтындары тануға талпыныс