Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Ақсу қаласындағы гимназияда "Үш тілде оқыту" экспериментінің іс-әрекет бағдарламасы
14-02-2013 08:26

Эксперименттің тақырыбы:Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде үш тілде оқыту.

Негізі:     Көп тілде оқыту қазіргі тұлғаны қалыптастыру негізі. Бүгінгі күні қалың  жұртшылық назарына ұсынылған «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» осындай заман  талабынан объективті себептерден туындаған дүние. Аталған құжатта  Қазақстандық жас ұрпақтың үш тілді білу мақсаты айқындалып отыр. Бұл бағдарлама «Үш тілде оқыту» экспериментінің жүйелі және толық  өтуін қамтамасыз етуге бейімделген.

Өзектілігі:Білім мазмұнын жаңарту арқылы келешекте кез -  келген ортаға бейімделе алатын көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру.

Зерттеу объектісі:Оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу заты:Білім мазмұны, әдістері

Проблемасы:Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет және  Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне  кіруіне барынша жауап  бере алатын   жеке тұлғаны көптілді, көпмәдениетті қарым-қатынасқа түсе білетіндей етіп қалыптастыруымыз керек.   Сондықтан «Үш тілде оқыту» арқылы осы мәселені шешуді  көздейміз.

Эксперименттің мақсаты:Ұлттық білім саясатына барынша жауап бере алатын  көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру.

Эксперименттің міңдеттері:

1. Оқушылардың, ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын анықтау.

2. Оқу-әдістемелік дайындық жасау

3. Эксперименталды сыныпта ағылшын тілінің сағаттар санын оқу жоспарының инвариативті  және вариативті бөліміндегі кейбір сағаттар есебінен көбейту.

4. Қазақ, орыс, ағылшын пәндерін оқытуда жаңа технологияларды енгізу арқылы оқушылардың                                          коммуникативті дағдыларын дамыту.

 5. Эксперимент шеңберінде оқу үрдісі мен тәрбие  жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ету.

6. Мұғалімдер мен оқушылардың ізденіс мәдениетін дамыту және қадағалау.

7. Экспериментті оқу- материалдық техникалық базамен   қамтамасыз ету.

Болжам:  Егер оқу-тәрбие үрдісінде жеке пәндерді оқу жоспарында үш тілде  оқыту негізінде ұйымдастырсақ, онда Қазақстанның әлемдік білім  кеңістігіне кіруіне барынша жауап Бере алатын көптілді, көпмәдениетті  тұлға қалыптасады.

Зерттеу әдістері:    Сауалнама (диагностикалық) бақылау, сынақ, байқау, талдау,  жинақтау, мониторинг жасау.

Эксперимент кезеңдері:

І  кезең – Дайындық және ұйымдастыру  – 1 жыл  /2005-2006 жыл

ІІ кезең –  Практикалық (негізгі )              –3 жыл  /2006-2007ж,  2007-2008ж., 2008-2009 жыл/

ІІІ кезең – Қорытынды                               - 1 жыл   /2009-2010 жыл/

Күтілетін нәтиже: Салауатты өмір салтын ұстанатын, іздемпаз, жігерлі  шығармашыл, кез-келген ортаға бейімделе алатын, әлемдік  мәдениетке жетік, ұлттық деңгейлі, рухани байлығы терең,  көптілді меңгерген, көп мәдениетті тұлға қалыптасады.

Нәтижені бағалайтын критерийлер:

1. Өткен нәтижені жаңа нәтижемен салыстыру.

2. Жетістіктер (салыстыру)

3. Барлық субъектілердің қанағаттану деңгейі (сауалнама)

 

Үштілде оқыту эксперименті барысында гимназияда өткізілген семинарлар

  Облыс  көлемінде

Өткізу әдісі

Тақырыбы

Мерзімі

Облыстық семинар

«Мектептік оқу-тәрбие потенциялдық іске асыруда көптілді, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру»

05.01.2007

Облыстық семинар

«Көптілде оқыту – казіргі тұлғаның негізі»

15.04.2007

Облыстық  семинар-кеңес

«Үштілде оқыту эксперименті барысында»

 

26.02.2008

Облыстық  семинар

Бейбітшілік Корпусы еріктілерімен ынтымақтастық арқылы жаңа білім технологияларын ағылшын тілі сабығында қолдану

05.11.2009

Облыстық семинар

5- жылдын қорытындылау кезеңі бойынша 

 «Үш тілде оқыту  экспериментінің көптілділік тұлғаны    қалыптастырудағы тиімділігі» 

09.04. 2010

 

Кабылбекова  Алмагуль Серикбаевна – Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның физика пәнінің жоғары  санатты мұғалімі. Білімі жоғары.

2005-2006 оқу жылынан бастап физика пәнін үш тілде оқытады.

2007 ж. - Павлодар облысы, Ақсу қаласыны әкімінің құрмет грамотасы, Физика пәнінен қалалық олимпиадада-І орын, 2008 ж- Павлодар облыстық педагог-мамандар біліктілігін арттыру институтынан алғыс хат, Павлодар облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2008ж. - Республикалық Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің жүлдегері - ІІІ дәрежелі диплом;  2009ж. Ақсу қаласының білім бөлімінің «Шеберлік, өнерпаздық, табыс» номинациясына грамотасы, 2010ж. - Павлодар облыстық педагог-мамандар біліктілігін арттыру институтынан «Педагогикалық шеберлік»  байқауының ІІ орын жүлдегері дипломы, 2011 ж- Павлодар облыстық педагог-мамандар біліктілігін арттыру институтынан алғыс хат.