Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы
28-09-2019 11:22
Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы

Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды  оқу және насихаттау мақсатында Республикамызда  жыл сайын өтіліп жатқан «Бір ел-бір кітап» акциясы шеңберінде Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы таңдалынып алған болатын. Осыған орай 26 қыркүйек гимназияның «Ұлы дала мұрасы» мұражайында 10-11-сыныптар оқушыларының қатысуымен конференция өткізілді. Аталған шараны қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нургалиева Дария Амантайқызының өткізудегі мақсаты: Романда бейнеленетін өмірдегі жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен махаббатты, абырой мен арсыздықты, қанағат пен құлқынның  ара жігін айыру, оны бүгінгі өмірмен салыстыру болып табылды. Оқушыларға мәтіндер таратылып, оқытылып, мазмұны талданды. Мұғалім әрбір мәтінннің арасында қосымша түсінік келтіріп, бір ойды екінші оймен байланыстырып тұрды. Тағылымы мол шара соңында бұл кітапты оқып шығуға ниет танытқан мұғалімдер мен оқушылар  саны арта түсті.