Мақсаты: Көпжасушалы жануарлардың жалпы сипаттамасы,құрылысы мен биоэкологиялықерекшеліктерітуралы түсінік қалыптастыру.
-білімділік:Көпжасушалы жануарлардың жіктеу, олардың шығуы туралы білім беру.
-дамытушылық:проблемалық жағдайлар мен күнделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамыту, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту;
-тәрбиелік:. Барлық жаратылым деңгейіндегі табиғаттың бірегей құбылысы ретінде тірлікке ықыласты қарым қатынаста болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, эл.оқулық.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушылардың қызметі |
1.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. |
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. |
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі. |
Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру. 1. Көпжасушалыларға қандай жәндіктер жатады? 2. Регенерация деген не? 3. Медуза құлағы деген не? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді: 1. Орг.заттармен қорек 2. |
3.Жаңа материалға көшу кезеңі |
Сабақтың мазмұнымен таныстыру. Кіріспенің сызбанұсқасын талдау, біртіндеп кіріспеге көшу: · Жіктеу · Жүйелеу · Дүние тармағы |
-Сабақ мазмұнымен танысады. Кіріспенің сызбанұсқасын мүғаліммен талдау |
4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі |
Ішекқуыстылар типі. Типтің ішекқуыстылар деп аталу себебі: олар екі қабаттан тұрады; денесінде бір ғана қуыс болады. Ішек тәрізді қуысты екі қабат қаптайды. Оның сыртқысы – эктодерма, ішкісі – энтодерма. Эктодерма – жабын мен қозғалыс қызметін, ал энтодерма – асқорыту және қозғалыс қызметін атқарады. Біраз бөлігі болмаса, ішекқуыстылардың көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді. Жалпы саны 9 000-ға жуық түрді біріктіреді. Ішекқуысты жәндіктер типі негізгі 3 класқа жіктеледі: гидратектестер (гидроидты), табақшатәрізділер (сцифоидты) және көпаяқты (полипті) маржандар (114-сурет). Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Олардың сан алуандығы. Көпжасушалы жәндіктер ағзасындағы барлық жасушалардың тіршілік әрекеті бірдей. Олар бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Атқаратын қызметі ұқсас жасушалардан онша ерекшеленбесе де ұлпа түзіледі. |
Жаңа тақырыппен танысады. · гидратектестер (гидроидты) · табақшатәрізділер (сцифоидты) · көпаяқты (полипті) маржандар
Тақтада берілген 1,2,3 тапсырмаларды орындайды |
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі |
Оқулықтың 129 беттердегі сурет бойынша жасушалардың атқаратын қызметін баянда орындау. · Отырықшы және еркін жүзіп тіршілік ететін ішеккуыстыларджы ата? · Жасуша ішінде және жасушадан тысқары ас қорыту құбылысын түсіндір? · Құлақты медузаның (аурелия) жынысты және жыныссыз көбеюінің сызбанұсқасын жаз. |
Берілген тапсырмаларды уақытқа орындайды, бір-бірінін тапсырмаларын тексеріп, (кателерін) талдайды. |
6. Сабақты қорытындылау кезеңі |
· Қандай ортақ белгілері бойынша жәндіктер ішекқуыстыларға жататынын мысалдар арқылы дәлелде. · Ішекқуыстылардың қозғалу тәсілін баянда. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын толықтырады. Бір біріне сұрақ –жауап береді. |
7. Бағалау кезеңі |
v Берілген тапсырмаларын тексеру, бағалау. v Оқушылар сабаққа қатысуына қарай бағаланады. |
Тапсырмаларын көрсетеді.Күнделіктеріне бағаларын қойғызады |
8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
§41 , 188 терминдермен жұмыс жасау. Тақтада берілген сызба бойынша дәптерлерінде талдау жасап келу. |
Үй тапсырмаларын дәптерлері мен күнделіктерне жазу. |