Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
НИЕТ ТАЗАЛЫҒЫ - ІЗГІЛІК БАСТАУЫ. Өзін-өзі тану пәні
28-05-2013 13:22

10 сынып  ( 6 сабақ)

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, тақырып бойынша  білімдерін тереңдету, әр нәрсеге өз көзқарастарың қалыптастыру,өзіне  деген сенімін арттыру

ҚАСЫМ:Cәлеметсіздер ме ұстаздар мен оқушылар!!! Өмірдің қадірі, адамдар арасындағы сыйластық пен сағыныш, жарасымды қарым-қатынас туралы пікірлерімізді ортаға  салу;

АДИНА:оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға, ізгі ниет тілей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында сабағымызды бастаймыз.

Бұл өмірдің қадірін мен жақсы ұқтым.

Сондықтан да бақытыма асықтым .

Осы қымбат тіршілікте адамдар

Өздеріңді сағынамын ғашықпын

ҚАСЫМ:

Қызығымды кейде қасірет - жау ұрлар,

Бірақ көңілім оны қалай ауырлар.

Осы қымбат тіршілікте өмірге

Бір жақсылық жасайықшы, Бауырлар!

АДИНА:Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: НИЕТ ТАЗАЛЫҒЫ - ІЗГІЛІК БАСТАУЫ.

Сабағымыздың Мұхтар Әуезовтың нақыл сөзімен бастасақ дұрыс болар деп ойлаймыз. Ұлы ойшыл ағамыз :Қай істің болсын өнуіне 3 түрлі шарт бар.

Олар:

        Ниет

        Күш

       Тәртіп.

Осы 3 ұғымдағы ниет сөзін нысанаға ала отырып,ниет сөзін жан-жақты талқыласақ.

АДИНА: Ниет,ықылас,пейіл деген сөздерді қалай түсінесіздер?

Адамның жақсы өмір сүруіне ниеттің қанша маңызы бар?

Ниет тазалығы дегенді қалай түсінесіздер?

ҚАСЫМ: Ниет-адам әрекетінің нақтылы мақсатын,мазмұнын бейнелейтін қозғаушы күш.

Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Кісіні нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де Ниет. Оның мазмұны адамның қылығы мен пиғылында.Демек, адамның ниеті аса маңызды.Ол сол ниетіне қарай  қойған мақсатына жетеді. Осыған байланысты әңгіме айтып кетейін.

                  ( Ағасы мен інісі)

ҚАСЫМ  :Ісіңіз жүзеге ассын десеңіз,

               Берілген қасиеттерге ие болу керек:  түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

·   өзіңе, адамдарғажәне қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау  ;

·   адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

·    өзімен--өзі үндестікте өмір сүру, ойы,сөзі, іс-әрекеттерінде шынайы болу;

·    жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

·    өз ойын сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу

Адина:Сабақ тақырыбын кеңірек меңгеру үшін ақындарымыздың НИЕТ жөніндегі өлең  түріндегі пікірлерін оқып кетейік.

 

:Айтқали Нәріков атамыз:

Азаматың болса елде көшелі,

қиналғанда жол табады деседі

Ақылдының айтқанымен жүрсек біз,

Сонда ғана өркеніміз өседі.

Жақсылардың жүрегінде алау бар,

Тым алыстан «мен мұндалап» жалаулар.

Қастық ойлап жүрер дәйім оларға,

Зұлымдықтың зәрін ішкен қараулар.

Ұсақ жандар көре алмайды дараны,

Озбасын деп аяғынан шалады.

Жаратқанның жалпы есебі дұрыс қой,

Қай адам да ниетінен табады.

ҚАСЫМ:Сайын Назарбекұлы өз ойында:

Heгe, неге талғамсыздау бұ құшақ?..

Heгe, неге аталардан біз ұсақ?..

Келешегің не болады қарындас,

Ұрпағымыз кемтар болса бізге ұқсап?..

Ысырапсыз жайылғай да бү құшақ...

Ысырыпсыз асылғай да бүкіл ас...

...Қайғырмаймын кемиді-ау деп дәулетім,

Қайғырамын кеми ме деп... Ықылас...

Мақал-мәтелдер:

·       Асыңа тойғызбасаң да,

     Ақ ниетіңе тойғыз.

·       Су бермегенге, сүт бер,

     Ақ ниетіңді білсін.

·     Игіліктің ерте, кеші жоқ.

·    Қайырымдылық жасасаң,

    Қайырың өзің көресін

( мақал- мәтелдер жөнінде оқушылардың ой-пікірі)

Сендерсіңдер - халқымның армандары,

Сендерсіңдер - шырақты салған әні,

Сендерсіңдер - иесі кең даламның,

Сендерсіз - бұл тірліктің жалған бәрі.

Сендерсіңдер, өмірдің жалғастары

Аттанған алыс жаққа алғаштары

Сендерсіңдер қадірлі болашақтар

Арайланған елімнің таңғы аспаны.

Жүректен жүрекке

АДИНА:Ал енді оқушылар бір-бірімізге жақсылық, үлкен арман, үкілі үміт, ақ ниет, адал көңіл тілейік.

АДИНА:әрбір адамның әлеуетін ашатын, көптің қуатын ортақ арнаға қосатын, халық даналылығы жинақталған еркіндіктің түрі - рухы биік адам болып табылады. Міне, осындай рухы биік,ниеті таза, адал, зиялы азаматтарымыздың арамызда жүргеніне біз қуанамыз!!!!