Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Пайдалы қазбалардың түрлері.
28-05-2013 13:29

22-сабақ

Сабақтаң тақырыбы. Пайдалы қазбалардың түрлері.

Сабақтың мақсаты:кенсіз  пайдалы қазбалар туралы; олардың қасиеттері  мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы  түсінік қалыптастыруға ықпал ету; оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеуқабілетін дамыту; оқушылардың тіл байлығын дамытып, балаларды  логикалық ойлауға, салыстырып, қорытынды жасауғаүйрету.

Сабақтың  көрнекілігі:Қазақстанның пайдалы қазбалары картасы, пайдалы қазбалар топтамасы.

Сабақтың барысы:

/. Психологиялық  дайындық.

Сен пайдалы қазбалар туралы не білесің?

II. Миды шынықтыру.

- Пайдалы қазба деген не?

- Пайдалы қазбалар қандай екі үлкен топқа бөлінеді?

- Сен қандай пайдалы қазба туралы білесің? (Темір кені)

- Кенсіз пайдалы қазбалар да екі топқа бөлінеді, ол қандайтоптар? (Құрылыстық және жанғыш қазбалар)

- Сызба-кесте пайда болады:

 

Пайдалы қазбалар

Кенді

Кенсіз

Темір кені

Құрылыстық

Жанғыш

Гранит, әктас, құм, саз

Көмір, шымтезек, мұнай, табиғи гааз

///. Сөздік диктант.

Пайдалы қазба атауларын жаз.

-  Жеңіл, ылғал тартады, жақсы жанады, малға төсеніш, тыңайтқыш  қызметін атқарады. (Шымтезек)

-  Шахтада өндіріледі, ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ  және тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады. (Темір кені)

- Қара түсті, аздап жылтырайды, қатты, суға батады, жанады. (Таскөмір)

-  Мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкіи Бірнеше минерал бөлшектерден, шпат, кварц, слюдадан тұрады (Гранит)

-  Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан  керосин, бензин  мен мазут алынады. (Мұнай)

-  Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. (Құм)

- Созылмалы қасиеті бар, құмыра жасауда пайдаланылады, (Саз)

IV. Оқулық  бойынша жұмыс.

- Оқулықтағы тақырыпты оқу, пайдалы  қазбалардың  негізгі  топтарын бөліп көрсет.

- Пайдалы қазбаларға жоспар бойынша сипаттама бер:

а) атауы;

ә) қасиеттері;

б) маңызды,қолданылуы

Бұл жұмысты топтарға бөліп орындаймыз. Әр топқа пайдалы қазба үлгілері беріледі.

Сызба құру:

Сабақты қорыту.

Пайдалы қазбалар мен оның қасиеттерін бағыттық сызықтар арқылы қос.

Мұнай             сұйық

                         жанғыш

Газ                   газтәріздес

                         майлы

Темір               қатты кенді

                          иісі бар

                          судан жеңіл

                          судан ауыр

Балшық          иілгіш

                          балқығыш

Үй жұмысы.«Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбын оқу, қазба байлық түрлері туралы әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру.

   Сабақты бағалау:Сабақ барысында белсенді қатысып, тапсырманы дұрыс орындаған балаларды  бағалау.