Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Химия және адам ағзасы» қолданбалы курс бағдарламасы
31-05-2013 11:28

Түсініктеме

«Химия және адам ағзасы» бағдарлы курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде жасалынған.

Курстын құрылымы оқушылардың өздігінен іскерлігін дамытуға арналған. Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.

Арнайы курста Д.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық ролі, ағзасындағы осы элементтердің тепе-тендігін бұзылуынан туындайтын аурулар, химиялық қосылыстардан жасалатын дәрілік препараттар, химия және салауаттық өмір салты туралы мәселелер қарастырылады. Тақыптарға сәйкес сарамандық жұмыстар мен таным  жорықтарға жеке сағаттар бөлінген.

Курстың мақсаты:  оқушылардың химия ғылымына деген құштарлығын арттыру, танымдық белсенділігін терентету. Химия пәні бойынша алғыртыққа , ізденуге, терең білімділікке баулу.

Курстың міндеттері:

-         курста алған білімдерін медициналық оқу орындарында одан әрі терендетуге мүмкіндік тудыру;

-         оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге ыңталандыру;

-         оқушылардың өз бетінше зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізуге үйрету;

-         химиядан алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға қәсіптік бағдар беру, сұраныс тудыратын мамандыққа баулу;

-         тақырыптарға сәйкес есептер шығаруға үйрету;

-         жаңа ақпараттық технология әдістерін ( электрондық оқулық, интерактивті тақта) қолдану арқылы терең білім беру, пәнге қызығушылықтарын арттыру

Күтілетін нәтижені тексеру әдісі:а) тестік бақылау;  ә) бақылау жұмысы;  б) зертханалық жұмыс; в) сарамандық  жұмыс.

                          Бағдарламаның мазмұны

Кіріспе. Адам ағзасындағы  химиялық элементтердің жиынтығы (1сағ)

І. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің құрамы және таралуы. (3сағ) .

Макроэлементтер, олардың ағзадағы мөлшері. Микро және ультрамикроэлементтер олардың ағзадағы мөлшері, мүшелер мен ұлпаларда таралуы. Химиялық элементтердің тіршілік маңызына қарай жіктелуі.

ІІ.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық ролі   (16 сағат)

Теориялық сағат -14, практикалық сағат – 2 сағат

Ітоп А топшасы (Li, Na, K, Rb, Cs, Fr) сілтілік металдары. ІІ топ А топшасы (Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Ra) сілтілік жер металдары биологиялық ролі. Алюминий және бордың биологиялық роліқосылыстарының емдік қасиеті туралы түсінік беру.

ІV топ А топшасы элеменменттерінің ағзада ролі туралы түсінік беру (C,Si,Ge, Sn, Pb) . Азолт және фосфор  - макроэлемент  -органогендер.

V А топшпсы элементтері (N,P,As, Sb,Bi) .Азот элементі ағза үшін өте қажетті аминқышқылдары, ақуыз, дәрумен, гормондардың негізгі құрам бөлігі екендңгін түсіндіру. VI А топшасы элементтері ( О,S, Se, Te,Po) халькогендер. Оттек өмір сүруге қажетті макроэлемент. Күкірт ағзадағы макро ал селен микроэлемент.VII А топшасы элементтері. ( F,CI, Br, I) галогендер. Ағзада йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулар. І топ Б топшасы элементтері . ІІ топ Б топшасы элементтері (Zn, Cd, Hg). Темір және кобальттың биологиялық ролі. Марганец қосылыстарының биологиялық маңызы. Хром, молибден, вольфрам элементтерінің ағза үшін маңызы.

№1 практикалық жұмыс  Хлорлы натрийдің еріт-н дайындауға үйрету.

№2 прак-қ жұмыс Әртүрлі конц-лы тұз қышқылы еріт-н әзірлеуді жүзеге асыру.

ІІІ. Дәрумендер (5 сағат)Дәрумендердің жіктелуі, олардың биологиялық маңызы. Дәрумендер жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу. Дәрумендерді тағамда сақтау. Тестік бақылау. Танымжорық.

IV. Типтік тізімдегі қосылыстар спирт, темекі, есірткі заттар, радиоактивтілік Э.М.С. шығаратын құралдар        (8 сағат)

Типтік тізімдегі бейорганикалық қосылыстардың ағзаға әсері. Органикалық қосылыстардың ағзаға әсері. Еліміздегі радиациялық ахаул, адам экологиясы. Иондалған радиациянның тәнге әсері .Есірткі заттар олардың ағзаға зиянды әсері. Күнделікті тұрмыста қолданылатын Э.М.С.құралдар. Спирт өнерқәсібі қажет пе? Дебат сабақ. Темекі – наркотик. Темекі түтініндегі зиянды заттар.

Қорытынды конференция сабағы. (1сағат)       

Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар

Білу :

-         адам ағзасында кездесетін химиялық элементтері

-         адамның  күнделікті іс- әрекетіне пайдаланатын қажетті химиялық заттарды,

-         тұрмыста, өндірісте қолданылатын химия ғылымының маңызды зандылықарын,

-         тамақ, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия және басқа химиялық өнімдерді дұрыс және қауіпсіз қолдануды,

Сипаттау:

-         ағзадағы химиялық заттар мен қосылыстардың биологиялық ролін,

-         адам ағзасының және қоршаған ортаның өзара байланысын,

-         еліміздегі радиациялық ахуалдың адам денсаулығынв әсерін,

-         жағымсыз әдет – қылықтардың қоғамға, адамға зиянды әсерін,

Түсіндіру:

-         химиялық элементтердің мөдшері мен адам денсаулығының өзара  байланысын,

-         күнделікті тіршілікте және техниканың әртүрлі салаларында қолданатын қажетті химиялық заттарды және олардвң қасиеттерін,

-         адам ағзасына қолайсыз экологияның әсерін,

Қолдана білу;

-         химиядан алған білім мен білікті адамның іс-әрекетінде пайдаланылатын химиялық заттармен жұмыс істегенде,

Жасай алу:

-         белгілі концентрацияға сай ерітінді әзірлеу,

-         дұрыс тамақтану нормасын,

-         қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып  зертханалық тәжірибелерді

       Әдебиеттер

1.     Аханбаев К . Химия.- Алматы. «Ана тілі» , 1993

2.     «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008.

3.     Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 1990

4.     «Денсаулық журналы»№4,2005;  №11, 2006; №5, 2007.