Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Өздігінен оқыту технологиясы бойынша геграфияны оқытуды ұйымдастыру. Оқу әдістемелік кешен
31-05-2013 11:35

Құрастырған:   М.Т. Жунусбаева . Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының география пәні мұғалімі.

А .Жакупов.   Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының география пәні мұғалімі, магистр.

Пікір жазушылар:  Жакашева Т.Н. - Облыстық педагог мамандарының білімін жетілдіру институтының әдіскері.

Смайлов С.Ш. - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  оқу үрдісін ұйымдастыру департаментінің директоры

  Ұсынылған жинақта 8 сыныпқа  арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығына арналып   құрасытырылғын оқу - әдістемелік кешен- кіріспеден, түсінік хаттан, аңдатпадан, мазмұны мен құрылымынан, күнтізбелік жоспардан, стандарт талаптарынан, сабақ үрдісінде ұсынылатын оқу парақтарынан, бақылау жұмыстарынан, сарамандық жұмыстардан, рейтингілік бағалау парақтарынан тұрады. Кешенде берілген тапсырмалар ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған бағдарламаға сәйкес келеді және жаратылыстану ғылымы ретінде география негіздерін меңгеруге шығармашылық тұрғыдан көмектеседі.

       Оқушыларға арналған оқу парағында бағалау сараптамасы, стандарт мазмұны, жаңа білімді игеру үшін дидактикалық  тапсырмалар, сарамандық жұмыстар, бақылау жұмыстары, бағалау парағы берілген.

Оқу-әдістемелік кешен 8 сыныптың бағдарламасы бойынша  барлық тақырыптарды қамтыған. Сонымен бірге «Қазақстанды физикалық аудандастыру» тарауы модулдік технология бойынша құрастырылған .

   Ұсынылып отырған кешенде түрліәдіс-тәсілдер арқылы құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар оқушылардың өздігінен әрекет етуін қаматамасыз етеді, оқуға деген қызығушылығын арттырады, географиялық білімін бекітеді.

Алғы сөз

Географиялық білімнің сапасын арттырудағы ең маңыздысы география мұғалімінің біліктілігінде, ол дегеніміз оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуде және талқыға салуында. Қазіргі оқыту үрдісі  оқу-әрекетін дұрыс ұйымдастыру және  алға қойған мақсаттарының  шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеру барысында жеке тұлғаны құзыреттілікке бағыттап оқытуды талап етуде

Мектептегі географияны оқыту үрдісінде бәсекеге қабілетті, өмірге белсенді жеке тұлғаның бойына    жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-экономикалық білімнің жалпы жүйесінен тұратын білім, білік, дағдыны қалыптастырып, өмірге дағдыландыру және алған білімін қолдана алуға дайындау. Ондағы міндет - оқыту үрдісін ұйымдастыруды  құзыреттілікке бағыттап оқыту

Құзыреттілікке бағыттап оқытудың ең басты жүйесі - оқыту үрдісін оқушының  санасына бағыттау және өздігінен жұмыс жасау барысында білім нәтижесін өмірде пайдалану. Мұғалім білім кеңестігінде белсенді тұлғалар болуы үшін, өз оқушыларының іс-әрекетін әмбебап тәсілдер арқылы ұйымдастырады.

ТИСО /өздігінен білім алу технолгиясы/- мұғалім сабақ үрдісінде оқушыларға бағдарлама материалдарын толық түрде  жетік  меңгеру үшін теориялық білімін және практикалық  және шығармашылық біліктілігін, яғни стандарт деңгейінде   және стандарттан жоғары деңгейдегі   біліммен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын және әр оқушының өзіне берілген оқу парағымен өздігінен жұмыс істеуге бағыталған оқыту үрдісі.

             Біздің көзқарасымызда жаңа технологияларды пайдаланудың түрлі бағыттарындағы ең бір өзектісі:

·        оқуға өздігінен және  диференциялы түрде икемделу;

·        өздігінен жұмыс жасау әрекеті, өзін-өзі оқыту

·        ынтымақтастықта жұмыс жасау;

·        құзыреттілкке бағыттап оқыту;

·        ақпараттық ізденісті жоспарлау;

     «Өздік жұмысы»  келесі мағынада:

Оқушылардың өздік жұмысы оқыту үрдісіндегі мынандай тәсілдерді көрсетеді:

            1.   оқушыларға оқу тапсырмалары мен орындау бағыттары беріледі;

2.   жұмыс мұғалімнің көмегімен жүргізілмейді, бірақ мұғалім бағыт береді;

3.   берілген тапсырмалар оқушылардан ойлау құзыреттілігін  талап етеді.

4.     Өздік жұмысы оқушыларды өзінің құрылымымен және мазмұнымен белсендендіреді.

        Оқу – әдістемелік кешен жаратылыстану - ғылыми бағыттағы  география пәнін бағдар бойынша оқыту жүйесінде нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік туғызады және оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға итермелей отырып, нәтижеге жететін білім алуды көздейді.

Оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты - оқыту үрдісін оқушының  санасына бағыттау. Оқушыларды біліммен қамтамасыз етуде ең құндылығын алу, білімді өздігінен  меңгеру, Қазақстанды физикалық және экономикалық тұрғыдағы геосаяси орнының  маңыздылығын анықтау.

Оқу-әдістемелік кешеннің міндеті - оқыту үрдісін ұйымдастыруды  дамыта оқытумен қамтамасыз ету. Жаңа білімді  меңгеруде оқушылардың  оқу әрекетін дұрыс  ұйымдастыру.

ОӘК-ның маңыздылығы-түрлі әдіс- тәсілдер арқылы  оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, жаңа білім көздерінің  ең маңыздылығын өздігінен ала білуінде, тапсырмаларды әр оқушының білім деңгейіне қарай таңдап алуында.

ОӘК-нің өзектілігі-географиялық білімнің сапасын арттырудағы ең маңыздысы география мұғалімінің біліктілігінде, сондықтан оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуде оқу-әрекетін дұрыс ұйымдастыру және  алға қойған мақсаттарының  шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеруді көрсету.