Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Оралхан Бөкейдің шығармашылығы. «Өр Алтайдың өрлі жазушысы» атты іс-шара (2012 ж.)
12-10-2013 19:27
Оралхан Бөкейдің шығармашылығы. «Өр Алтайдың өрлі жазушысы» атты  іс-шара  (2012 ж.)

2012 жыл  Республикалық  «Бір ел - бір  кітап»  акциясы  аясында Оралхан Бөкейдің шығармаларын оқу таңдалды.

«Өр Алтайдың өрлі жазушысы»   атты іс-шара сценарийі

Оралханның азаматтық тұлғасы, жазушылық жолы  қиын да қилы тағдыры туралы әлі талай сыр шертілер, мұң шағылар. Өзінің өмірдастанын - көркем шығармаларын қалың елі - қазағына арнаған, аманаттаған жазушының рухани өмірінің мәңгі жасайтынына өз басым сенімдімін. Әр адам елдің есінен шыққанша ғұмыр кешетіні рас болса, Оралхан атының қазақ тарихында қалары бір Аллаға аян.

                              Қуанышбай Құрманғали

«Бір ел – бір кітап» акциясы

«Өр Алтайдың өрлі жазушысы» атты  іс-шара

 (Оралхан Бөкей  шығармашылығы бойынша)

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін  кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алынған «Бір ел-бір кітап» акциясы биыл да жалғасын тапты. Биыл, 2012 жыл  Республикалық  «Бір ел - бір  кітап»  акциясы  аясында таңдау жазушы  Оралхан Бөкейдің шығармаларын оқу болып отыр. Туған жерін тұла бойы тұщына сүйген тұлғаны әспеттеу арқылы кейінгі өсіп келе жатқан буынды Оралхан оқуларымен уыздандыру, балғын санаға Мұзтау мұзбалағының өршіл үнін жеткізу басты мұрат болғандықтан ,  бүгін  Гимназия  кітапханасында  «Өр Алтайдың өрлі жазушысы»  атты іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Іс-шара  ІІ бөлімнен тұрады.

 І бөлім. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын тануға байланысты   конференция

ІІ бөлім. Көркемсөз оқу .  «Қар қызы » кітабы бойынша  үзінділер   оқылады / Іс-шара барысында слайд шоу көрсетіледі./

І. Сөз кезегін конференцияға қатысушыларға береміз.

1. Өмірі мен шығармашылығы – Ибрайкина Айсара, 8-сынып

2.  Жазушы туралы естеліктер – Турапекова Айым,  8-сынып

3.  Бөкей – заман келбетін адам келбетінен іздейтін нәзік суреткер  -  Арман

4. Оралхан Бөкей шығармаларындағы синонимдердің қолданысы – Рахимжанова Рахила

ІІ. Ортаға көркемсөз оқу шеберлерін  шақырамыз.

1. Сәтбекова Әлемгүл

2. Шегебаева Жанель

3. Баяманова Гүлден

4. Қабылбекова Айым

Келесі кезекте "Сағыныштан жаралған жан"атты кітаптар көрмесі. Сөз кітапханашы  Гүлжан Ирановнаға  беріледі.

“Мұзтау”, “Қар қызы”, “Тортай мінген ақбоз ат”, “Атау кере”, “Жылымық”, “Ұйқым келмейді”, “Жетім бота”, “Мынау аппақ дүние”, “Бәрі де майдан”,тағысын тағы осындай әрқайсысы өз алдына әдебиеттің бір-бір шыңына баланар туындылар.Осындай  алып шығармаларының арқасында Оралхан Бөкей көкке шаншылған Мұз­тау­дың сұлбасына айналды.

Оның шығармаларындағы  Ақтан, Нұржан, Таған, Қиялхан, Жеңісхан сынды тағдырлар тарих бетінде қалып қойған өткінші бейнелер емес, олар бүгін де әне қалың топты қақ жарып келе­ді. Жүздері алаулап, арман құша­ғында, қияға қырандай самғайды.“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, -деді Абай. Адам ешқашан өліп көрмеген. Өлім өмірдің ішіндегі бір құбылыс қана. “Ол түз тағысына – Кербұғыға айналып, Алтайдың құзар шыңдарын гуілге тол­тырып жүр екен…” деп жазылды Орал­хан туралы. Оралханның дүниеден өтуі де басқалардан өзгеше болды. Үш тау­дың арасында өтті ғұмыры. Алтайда ту­ды. Алатауда өмір сүрді. Гималайда дү­ниед­ен озды. Ал төртінші тау, әдебиет­тегі алып шың болып өзі қалды. Оралханның тау тұлғасын тағы бір танытудың тағылымы деген, сірә осы болар.

Қымбатты көрермендер! Ойымызды түйіндей келгенде, "Өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жан-дүние тереңіңе ой-арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді",- дей  келе, іс-шарамызды осымен аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға рахмет, сау- саламат болыңыздар!