Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Поэзия падишасы» атты әдеби кеш (2013 ж.)
12-10-2013 19:46
«Поэзия  падишасы» атты әдеби кеш (2013 ж.)

2013 жылда  Республикалық «Бір ел – бір  кітап» акциясы халық жаппай оқитын кітабы ретінде, халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы таңдалды. Гимназияда «Тында мені жүрекпен» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы, «Поэзия  падишасы» атты әдеби кеш өткізілді.

Поэзия падишасы

Мақсаты:жыр дүлділі, ақын, жазушы –Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыруға, ақын шығармалары арқылы елін, жерін,  Отанын сүйе білуге, сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты көрермендер!

1-жүргізуші: Республикалық «Бір ел – бір  кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен терең танысуға мүмкіндік алды.

2-жүргізуші:2013 жылдың халық жаппай оқитын кітабы ретінде, халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты  лирикалық жыр кітабы ие болды.

1-жүргізуші:   Бүгін біз тілдер   айлығының  қортындысы.   «Поэзия падишасы»   атанған,  Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам  қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың  әдеби кешіне арналады.

2-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін дала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

1-Жүргізуші:Жастайынан әкесінен қалған, Фариза әкесінің аялы алақанын аңсап, «әке туралы ой» - деген өлеңінде мына шумақтарды кездестіруге болады.

Бақыты балғын сәбилер бүгін

Жетелеп жүрсе әкесін,

Қызыға қарап, күрсіне қарап,

Жанынан үнсіз өтесің

Алаулап тулар, алқызыл тулар,

Жарқылдап жеңіп жұлдызы,

Жан әкем бірақ оралмай кетті,

2үргізуші:  

Баланың ойы  ( Ақтоты Жомарт )

1-жүргізуші:   1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы.

2-жүргізуші: Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Кәмшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.

1-жүргізуші: Ақын болып қалыптасуына тірек болған оқиғалар тізбегі. Назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймыз. Видео (Ақын болуына қатысты  )

2- Жүргізушы: Фариза Оңғарсынованың жыры– айдын қөл, шалқар теңіз емес, тылсым  мұхит. Көкірекке сонша сыр, көңілге сонша жыр, тындыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық қылары даусыз.

1-жүргізуші:   Ақынның өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Видео  (Фариза өлең оқиды)

2-жүргізуші:  Ақын– аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де, сөнбейтін өжеттік қайнары.

1-жүргізуші:  Оқушылар мәнерлеп өлең оқиды

2-жүргізуші: Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар – ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалыңды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп, өзге өлеңдерді өзіне көгендеп жатады.

Жүрек сенсің, Отаным, қоғамым да

Мейлі күлдір, күрсіңдер, ора мұңға, -

Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін,

Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да.

Туған – жерін сүйген, оған барлық ысиық жүрегімен берілген ақын сол жердің тыныштығын, бейбіт өмірін ойдан шығара ала ма? Фариза өлеңдерінде де бұл леп ерекше.

Ән: Көктем әні

1-жүргізуші:   Ақын өлеңдері қай тілде оқылса да, жүректі тербемей қоймайды.  (Мәнерлеп оқу, орыс тілінде)

2-Жүргізуші:  Құттықтау сөз гимназия директоры Касенова Мариям Абдыкадірқызына беріледі.

1-жүргізуші:  Құрметті Мариям Абдыкадірқызы саханада қалуыңызды сұраймыз.

      Қыркүйектің  2 мен 28 аралығында тілдер айлығы негізінде  мектепішілік шаралар өтті. Сол шараларда жүлделі орын алған оқушыларды марапаттау рәсімі бастаймыз.

2-жүргізуші: Қазақ биі

1-жүргізуші:  Фариза ақын жайлы ақын сіңілерінің пікіріне назар аударыңыздар.

2-жүргізушіСерғазин Арман «Фариза Оңғарсыноваға арнау»

1-жүргізуші:   Осымен «Поэзия падишасы » атты Фариза Оңғарсыноваға арналған кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!