Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Астық тұқымдастар, олардың өкілдері. Биология пәнінен ашық сабақ (презентация)
18-03-2013 11:47
Астық тұқымдастар, олардың өкілдері. Биология пәнінен ашық сабақ (презентация)

Формальді бөлігі:

Сабақ №                      Сыныбы: 7 «ә»                          Күні

Тақырыбы:    Астық тұқымдастар, олардың өкілдері

Мақсаты:  Даражарнақты өсімдіктер туралы, оларға жататын астық тұқымдастары туралы түсінік қалыптастыру.

1.       Білімділік: Астық тұқымдасына жататын өсімдік түрлерініңморфологиялық, анатомиялық  ерекшеліктері, көбеюі табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білім қалыптастыру.

  2. Дамытушылық:  Даражарнақтылар класына жататын өсімдіктер түрлеріне байланысты білімдерін жалғастырып,дамыту .Оқушыларды шығармашылық  ізденіске баулу, өз бетінше жұмыс істей білу, танымдық логикалық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік:  Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің бағалы екендігіне көз жеткізу арқылы ас атасы-нанды қадырлеуге,адамгершілікке,салауатты өмір салтын ұстануға, ізденімпаздыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, эл.оқулық.

Сабақтың типі: Жаңа білім қалыптастыру

Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Проблемалық,дифференциалдық

Маңызды тарауы :                       Сабақтың барысы

 

Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру.

1. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін атаңдар?

2. Бүр дегеніміз не?

3. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді қалай топтастыруға болады

4. спора мен тұқымды сипаттаңдар?

5. Бірүйлі, екіүйлі өсімдіктерге мысал келтіріңдер.Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.