Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Ұрпақтары ұмытпайды ешқашан». ҰОС ардагері Макшаров Курмангали Буранбаевич
04-03-2015 12:11
«Ұрпақтары ұмытпайды ешқашан». ҰОС ардагері  Макшаров Курмангали Буранбаевич

Құрманғали Мақшаров 1924 жылы 15 сәуір Баянауыл ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Әке-шешесі мал шаруашылығымен айналысқан момын адамдар еді. 1931 жылы бүкіл қазақ халқы аштыққа ұшырағанда әке-шешесінен,туыстарынан айырылып қалады. Ол кезде Құрманғали аға 7 жаста болатын. Баянауылдағы балалар үйіне тап болады. Осы балалар үйінде тәрбиеленіп жүріп, 10 сыныпты да аяқтайды. Ұлы Отан соғысы басталған жылы  Ақсу (бұрынғы Каганович) ауданындағы Ильич жолы ауылында тұратын әкесінің туған апайын тауып алып, сонда келеді. Сол ауылда еңбек етіп жүріп, 1942 жылы әскер қатарына шақырылады. Саратов қаласындағы ұшқыштар мектебіне оқуға жіберіледі. Бірақ денсаулығына байланысты, 1942 жылы Свердлов  облысы Ревда қаласындағы ішкі істер  министрлігінің қарамағындағы әскери училищесінің алты айлық курсын аяқтайды. Оны бітірген соң бірінші Беларусь майданына жіберіледі. 1944 жылдан 1953 жылға дейін Балтық жағалауындағы әскери аймақта болады. Сол жерде  жүріп, 3 рет жараланады. Сол жылдары арнайы топографиямен шұғылданатын  мектепті тәмамдайды. Бұл мектеп ішкі жаумен күресуге үлкен септігін тигізді. Елге аман-есен келгеннен кейін үйленіп, үйлі-баранды болады. 1953 жылдан 1969 жылға дейін көп жылдар бойы Құрманғали ата білім беру бөлімінде, 1969 жылы дене шынықтыру техникумында бас есепші қызметін атқарады. Құрманғали ағаның жалпы еңбек стажы 58 жыл. Сол жерден зейнетке де шығады. Зейнетке шыққаннан кейін де еңбектен қол үзбей жергілікті «Ақжол» газетнде бас бугалтер болып қызмет атқарады. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысының» ордені, «Кеңес Одағының маршалы Г.Жуков» медалімен марапатталды. Қамар апаймен бақытты отбасын құрып, 8 баланы тәрбиелеген ардагер атамыз қазір ортамызда болмаса да ұрпақтары ардагер атасының ерлігін мәңгі есінде сақтайды.