Бір күндік кесте:
1. Бір күнді үшке бөл;
2. ҰБТ-ге немесе емтиханға бір күнде 8 сағат дайындалу;
3. Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле;
4. 8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.
Тамақтану:
Тамақ дәрумендерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер , шоколад жеу керек.
ҰБТ немесе емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.
Дайындалатын орын:
Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені бұл түсттер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.
Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал, содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер.
Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке – жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса.
ҰБТ немесе емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық. п
ҰБТ– ге немесе емтиханға психологиялық жағынан қалай дайындалу керек?
· Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста.
· Егер де саған өз ойынды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға көшуге болады.
· Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса (көзге арналған жаттығулар, дене шынықтыру жаттығулары, ойын түрлері т.б.)
Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау.
· Ақыл – ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.
· Гимнастикалық жаттығулар жасап, серуендеуге шығу.
· Көзді қорғау керек, 20 – 30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.
· Теледидар хабарын көрудің уақытын азайту керек.
Стресті жеңу үшін не қажет?
· Стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе В витамині жетіспейді.
· Денені шынықтыру керек. Спорт залға жиі барып, жаттығулар жасаңдар.
· Билеңдер, ән айтыңдар, бассейінге барып жүзіңдер, таза ауада серуендеңдер.
· Психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет, яғни баяу музыка тыңдап, армандаған артық болмайды.
· Үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салттанатты жиындарға және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата – аналарыңа, жақын туыстарыңа барып, жақсы қарым – қатынас жасауға тырысыңыз. Өйткені олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отыр.
Ата-аналарға арналған кеңестер
Ата-ана – бала үшін ең қымбат әрі жақын адам. Сондықтан ата-ана баласының ішкі жан-дүниесінің ашық болуына ықпал жасап, оның қиындықтары мен қобалжуларын түсініп көмек беруге әзір болуы керек. Әсіресе, оқушының ҰБТ-ге немесе емтиханға дайындық кезіндегі ата-ананың қолдауы көп әсер етеді. Осыған байланысты ата-аналарға мынадай психологиялық кеңестер ұсынылады.
1. Өз балаңыздың ісін қолдайтыныңызды білдіріп, жиі сөйлесіп, араласып тұруға тырысыңыз. Ол сіздің қамқорлығыңызды сезінуі керек.
2. Қандай жағдайда болсын, бірінші сіз түсініп қолдай біліңіз. Оның проблемалары сізге күлкілі болмауға тиіс. Оны сізге сенім артуға болатынына сендіріңіз.
3. Өз беделіңізді баланың ерік-жігерін басуға пайдаланбаңыз. Олар өзін жеке тұлға сезінсін. Өздеріне деген бағасын төмендетпеңіз.
4. Күнделікті өмірде үнемі тыйым жасаудан өзіңізді арылтыңыз. Бұл баланың ішкі қарсылығын өршітіп жіберуі әбден мүмкін. Көз жеткізу әдісін пайдаланыңыз.
5. Балаңыздың сабаққа дайындалатын жеке орны болу керек. Онда артық заттың болмауын қадағалаңыз. Тек керек заттар ғана болуы тиіс.
6. Балаңыздың сабақ оқитын бөлмесінде сары, күлгін түстер көп болуы керек. Өйткені бұл түстер ақыл-ой қабілеттерін арттырады.
7. Балаңыздың сабаққа дайындалу кезіндегі жаттанды түрде емес, түсініп оқуын қадағалап және қиындық келтіретін сұрақтарын тыңдап, назар аударыңыз. Әңгімелеу арқылы есінде сақталады.
8. Балаңыз күнделікті көп энергия жұмсайды. Тез шаршайды, тез әлсірейді. Сондықтан балаңыздың дұрыс тамақтануын қадағалап, әртүрлі витаминдермен қаруландырыңыз.
9. Стрессті болдырмау үшін балаңыздың бір мезгіл таза ауамен дем алуын, спортпен шұғылдануын және музыка тыңдауына мүмкіндік беріңіз.
10. Балаңыздың дене еңбегінен гөрі, ой еңбегіне көп назар аударыңыз. Үйде күнделікті өмірде балаға көп жүк артпай, стрессті болдырмау керек. Бұл құбылыстың барлығы бала жүйкесіне теріс әсерін тигізеді.