Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
2014 жылы оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
16-05-2015 09:34

 

Шаралар атауы мен саны (насихаттау жұмысы,семинарлар т.б)

Шараны өткізу мерзімі

Оқушыларды қамту

Жауапты орындаушылар (білім беру ұйымдары т.б)

Таратпа материалдар саны

Атқарылған жұмыстар қорытындысы

1

Оқушылардың кәсіби бағыттылығын диагностикалау бағдарламасы бойынша зерттеу жұмысы

Қараша-қаңтар

20

психолог

20

Оқушылар жеке дара бейімділік аймағын анықтап,мамандық таңдады

2

Оқушылардың бейімділігін анықтау жұмыстары (тест, сауалнама, тренингтер)

Қазан-қараша

20

психолог

-

 

3

«Мен мамандық әлеміндемін» жасөспірімдерге арналған тренинг

желтоқсан

37

ДТжО,сынып жетекшілер, психолог

40

Оқушылардың мамандықтар туралы ақпараттану деңгейін арттыру

4

«Мамандық таңдаудағы жеке тұлғалық қасиеттердің маңызы» атты педкеңес

қаңтар

-

әкімшілік

30

Мұғалімдерге оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін ескере отырып,дамытуға ықпал ету

5

«ПМПИ-сапалы білім беру және қоғамда талап етілетін мамандықтар ордасы» дөңгелек үстел

ақпан

20

ПМПИ-ның кәсіптік оқыту кафедрасы, гимназия әкімшілігі

42

ПМПИ-де білім алу және еңбекке орналасу ерекшеліктері туралы ақпараттанды

6

«ҰБТ алған ұпай және ЖОО түсу» атты пікірлесу сағаты

наурыз

20

Ғылыми жетекші,гимназия әкімшілігі

25

ҰБТ қорытынды мен ЖОО өту ұпайлары арасындағы айырмашылықты салыстырып, қортынды жасалды

Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысының жүйесі  туралы ақпарат

Жалпы орта білім алу білімін одан әрі жалғастыру мамандық  таңдау, соған сәйкес кәсіби білім алу және өмірде таңдаған мамандығың арқылы табысқа жету әрбір адамның тілегі.Гимназияда оқушылардың кәсіптік бағдарын анықтауда сауалнама алынып,олардың дұрыс таңдау жасауда неге сүйенетіні анықталды:

·         Ата-аналардың кеңесі

·         Материалдық ахуал

·         Достарының ақылы

·         Мамандықтың бедел, абыройы

·         Өзінің бейімділігі мен қабілеті

Түлектерді қазіргі кездегі қажетті, неғұрлым сұранысы бар мамандықтар қызықтырады. Бастысы өзіңе ұнайтын мамандықты таңдау емес, қолжетімді жоғары білім алу,жұмыс табу болып қала беруді. Сондықтан мектептегі мамандыққа бағдарлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтқан емес. Біріншіден мектептің басты мақсаты жан-жақты дамыған,адамгершілік құндылықтары бар азаматты қалыптастыру. Бұл түлектеріміздің болашақта немен айналысатынына, қандай мамандықты таңдатынына тікелей байланысты. Екіншіден сауатты жүргізілген мамандыққа бағдарлау жұмысы жоғары сынып оқушыларымен кездесетін қиыншылықтарды шешудің бір жолы болып табылады.Болашақ мамандықты таңдау-бұл өте жауапты,әрі маңызды  қадам,себебі сол мамандық туралы белгілі білім мен дайындықтың болуын талап етеді. Мектептегі мамандыққа баулу,бағдарлау жұмысын кімдер жүргізу керек? Әрине әзірге ондай арнайы мамандар жоқ. Сондықтан бұл мәселені шешу психолог,сынып жетекші,пән мұғалімдерінің шешуіне тура келеді. Ең бастысы  мамандардың психологиялық ерекшелік, жоғарғы оқу орнында білім алу,еңбекке орналасу,мансапқа жету,еңбек рыногының негізгі сұраныстары мәселесінде білімдар болуын қажет етеді. Қазіргі ақпараттық технология заманында бұл мәселеге қатысты ақпаратты бақылап, саралауды керек етеді. Мамандыққа бағдарлаудың диагностикалық бөлігі сауалнама, қызығушылықтарын анықтау,қабілеті айқын көрінетін аймағын , бейімділігін анықтау болып табылады. 5-8 сыныптарда– жеке дара ерекшеліктері, бейімділігі анықталса, 9 сыныпта қабілеті мен еңбек саласындағы қызығушылығы, 10-11 – мамандыққа бағыттаудағы қызығушылығы айқындалады. Бұл психолог тарапынан атқарылатын әрекеттер.   Ал жеке оқу пәндері арқылы мұғалімдер өз пәнінің белгілі мамандықпен байланысы туралы ақпараттандыруға,қызығушылығын арттыру мәселесі педагогикалық кеңесте кеңінен талқыланды. Кәсіпорын, мекемеге бару, мамандық иелерімен кездесулер, еңбек рыногы туралы ақпарат алу, бизнес жобалар жасау, өз жоспарын іске асыру сияқты әрекеттер - сан алуан мамандықпен таныстырудың алғашқы баспалдағы болып табылады.2014 жылы ИнЕУ-нің ұйымдастыруымен «Инновациялық Павлодар 2014» инновациялық жобалар сайысына 2 оқушы қатысып, оның 1-еуі ИнЕУ ректорының грантын ұтып алды.

Қазіргі кездегі ЖОО, колледж, мектеп тарапынан жүргізілетін мамандыққа бағыттаудың басты кемшілігі-болашақ мамандықтың артықшылығы мен кемшілігі, сол мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болжалды аймағын анықтамауда.Яғни сен инженер мамандығын таңдасаң мынадай кәсіпорындарға орналаса аласың,олар мына қалаларда орналасқан,олардың қазіргі даму жағдайы осындай деген  ақпараттық жоқтығы.Қазіргі кезде қайта даярлау курстары арқылы кейбір маман иелерін басқа мамандықтарға оқыту жүргізілуде.Оған мемлекет қаржы бөліп отыр. Сондықтан мамандық таңдауда жақын мамандықтар туралы ақпарат беру, болашақта өзінің кәсіби білімі мен білігі арқылы мамандықты ауыстыру мүмкіндігін береді. Осы оқу жылында гимназияның түлектерімен ПМПИ кәсіптік білім беру кафедрасы мамандары, ИнЕУ-дің филология кафедрасының мамандары арнайы келіп кездесу өткізіп, сауалдарына жауап берді.Сондай-ақ түрлі ЖОО-ның өткізетін сайыстары мен шығармашылық байқауларына оқушыларды қатыстыруға тырысамыз. Атап айтқанда Қазақ гуманитарлық заңгерлік университетінің интеллектуалдық сйысына оқушылар өз жобаларын жіберсе, Әль-Фараби атындағы ҚҰУ-ның шығармалар сайысына 2 оқушы өз жұмыстарын жіберді.Психолог 10-11 сынып оқушыларымен «Менің болашақ мамандығымның таңдауы» бейімдік тренингтерін өткізді.Барлығы 32 оқушы қамтылды.10,11 сынып ата-аналарымен де жиналыстарда ЖОО түсу, білім гранттары, қажетті мамандықтар, қосымша білім алу тақырыбында «Оқушыларды кәсіби бағдарлаудың психологиялық ерекшеліктері» атты дәрістер оқылып,ақпараттар берілді.

Г.Бакирбекова