Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Гимназияның 5-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту шаралары:
16-05-2015 09:45

 

Жоспарланған шаралар

уақыты

жауапты

1

«Мамандық таңдаудағы менің көмегім» ата-аналармен ұйымдастырылатын дөңгелек үстел

ақпан

ДТжО, сынып жетекшілер

2

«Мамандық еліне саяхат» рольдік ойындар

наурыз

сынып жетекшілер

3

Түрлі саладағы қызмет ететін ата-аналармен кездесу кеші

сәуір

ДТжО, психолог

 

Мектептегі  оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы мектепішілік жылдық жоспарға сәйкес  бастауыш сыныптарда  тәрбие сағаттары, рольдік ойындар, орта буында мамандықтар туралы тәрбие сағаттары, қызығушылығы мен қабілетін айқындайтын диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылады. Мамандыққа бағдарлаудың диагностикалық бөлігі сауалнама, қызығушылықтарын анықтау, қабілеті айқын көрінетін аймағын , бейімділігін анықтау болып табылады. 5-8 сыныптарда– жеке дара ерекшеліктері, бейімділігі анықталса, 9 сыныпта қабілеті менеңбексаласындағы қызығушылығы, 10-11 – мамандыққа бағыттаудағы қызығушылығы айқындалады. Бұл психолог тарапынан атқарылатын әрекеттер.

Бейіндік бағыттау жұмысы сабақта да, сабақтан тыс та жүзеге асырылады. Барлық пәндер  белгілі мамандықтар бойынша  қажетті ақпараттар беріп, танымын кеңейте алады. Әр пәннің  белгілі мамандықпен байланысы туралы ақпараттандыруға, қызығушылығын арттыруға, мамандық туралы белгілі білім  беріп, оның әлеуметтік - экономикалық, психологиялық жақтарын ашық көрсетіп, сол мамандықты игеру жолдарын,қажетті құндылықтарды қалыптастыра алады. Кәсіпорын,мекемеге бару, мамандық иелерімен кездесулер, еңбек рыногы туралы ақпарат алу, бизнес жобалар жасау, өз жоспарын іске асыру сияқты әрекеттер - сан алуан мамандықпен таныстырудың алғашқы баспалдағы болып табылады. Гимназияда кәсіптік бағдар беру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

·   Ақпараттық-ағартушылық бағыт (тәрбие сағаттары, рольдік ойындар, кездесулер, ата-аналармен жұмыс)

·   Диагностикалық бағыт (сауалнамалар, анкета, арнайы әдістемелік жұмыстар)

·   Білімділік бағыт (қажетті  құндылық, құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған шаралар)

ДТжО:  Бакирбекова Г.А