Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Көптілде оқыту-заман талабы» педагогикалық кеңес. Аккентаева К.М.- директордың ғылым жөніндегі орынбасары.
27-05-2015 07:49

Өткізілген мерзімі: 03. 04.2015 жылы

Күн тәртібінде:

І. «Үштұғырлы тілдің болашағы жарқын» Аккентаева К.М.- директордың ғылым жөніндегі орынбасары.

ІІ. Биология пәні бойынша білім мен тілдік білімді кіріктіре оқытудың әдіс- тәсілдері.

                      Турганбекова А.Т.- биология пәні мұғалімі.

                       Сыздықбаева Р.С. – ағылшын тілі мұғалімі

                       Кабылбекова А.С. – физика пәні мұғалімі.

І. «Үштұғырлы тілдің болашағы жарқын»   Аккентаева К.М.- директордың ғылым жөніндегі орынбасары.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Сондықтан бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзекті мәселесі. Осы негізде білім және ғылым министрлігінің 22.04.2004 ж. «7-9 сыныптарға Үш тілде оқыту» экспериментін енгізу жөніндегі бұйрығы   негізінде   гимназиямызда 2005-2006 оқу жылынан бастап  «Үш тілде» оқыту эксперименті енгізілді.

Эксперимент барысында физика пәні үш тілде оқытылуда. Бүгінгі таңда биология пәні терминологиялық негізде ағылшын тілінде жүргізілуде.   Эксперименттің негізгі мақсаттарының бірі, қазіргі техниканың даму кезеңінде электрондық іздеу жүйесінде барлық ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде екенін ескере отырып, біздің түлектеріміздің ұлттық бәсекеге қабілеттілігін және елдің әлемдік даму жүйесіне тиімді енуін қамтамасыз етуі көзделді.

“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігінен астамы ағылшын тілін еркін біледі. Мысалы , Нидерландыда  - 87%, Швецияда 85%, Финляндияда - 60%, Германияда - 51%. Сингапурда білім толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі, Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.

Гимназияға 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің №2-03\110-1бұйрығы негізінде ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту экспериментіне енгізілді. (эксперименттің практикалық кезеңі).  

Гимназияның шығармашылық ізденісі оқытудың көптілділік жүйесінен де көріне бастады.

Гимназияда 2009 жылдан бастап қытай тілі жүргізіле бастады. Оқу жоспарының жеке тұлғаны бағыттау кешені бөлімінен  қытай тіліне сағаттар берілді. Қытай тілі ағымдағы оқу жылы 3-9 сыныптарда  оқытылады.  (9 сыныпта сынақ өткізу, талапқа сай)

Осындай жаңа бастамалар мен  алға қойған мақсатқа жету барысында, жүргізілген жұмыстар негізінде көптеген нәтижеге қол жеткіздік. Айта кетсем, оқушыларымыз көптілділік олимпиада жеңімпаздары, халықаралық зияткерлік ойындарда жүлделі орындарға ие болуда, түлектердің шетелде оқуы.  

Алайда 9 жыл аралығында нақты үш тілде оқытылып отырған пән физика ғана. Жаратылыс- математика бағытындағы басқа пәндерде биология пәні  сияқты терминологиялық негізде  үш тілде оқытудың алғашқы қадамдарын бастау қажет. Өскелең ұрпақтың үш тілді  оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.

Сондықтан да, бүгінгі пед.кеңесте  сіздерге биология пәні бойынша терминологиялық негізде алғашқы қадамдарын бастау жолдарын   ұсынамыз. Осы пед. кеңестен кейін математика, информатика, география пән мұғалімдері келесі оқу жылында терминологиялық негізде пәнді үш тілде оқыту   жүйесіне қосылады деп сенім артамыз.

Үш тұғырлы тілдің тұғыры берік, іргесі мықты болсын.