Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Қазақ прозасының майталманы» атты әдеби – саяхат
28-05-2015 08:24
«Қазақ прозасының майталманы» атты әдеби – саяхат

Биылғы жылы Қазақстан бойынша өткізілетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында белгілі қаламгер Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" атты шығармасы таңдалынып алынды.

Гимназия кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  «Қазақ прозасының майталманы» атты әдеби – саяхат өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарды жазушының шығармаларымен таныстыру. Өмірбаяны мен шығармашылығына деген қызығушылықтарын туғызу.

Шара басында кітапханашы жазушының өмірі және шығармашылық жолы туралы қысқаша әңгімелеп, кітаптарынан үзінділер оқып оқырмандармен талқылады. Жазушының әр жылдарда жарық көрген «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Басында Үшқараның» және т.б. туындыларына тоқталып, мағлұмат берді. Шараны жалғастыра отырып, оқырмандар назарына жазушының өмір жолы туралы слайд тұсаукесерін ұсынды.