Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ
02-11-2016 10:19

«Мәңгілік Ел» - патриоттық актісі – бұл жалпыұлттық идеяның құжаттық үлгісі, қазақстандықтардың  біртектілігі мен бірлігінің ерекше бағдарламасы. Ол біздің рухани құндылықтарымыздың бастапқы үлгісін жеткізуі қажет. Ол жерде экономика, саясат, ар-намыс, сенім, жахандану әлеміндегі біздің көзқарасымыз сияқты мәселелер бір жерге байланыстырылған."

(Елбасы Н.Назарбаев)

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюының, елдің прогрессивті дамуының іргесін құрайтын мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен міндеттерін анықтайтын құжат болып табылады. Зияткерлік капитал, еңбек адамы, инновациялы ойлау - жаңа Қазақстанның басты құндылықтарына айналуда. Олар Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың халыққа «Қазақстан жолы – 2050: біртұтас мақсат, біртұтас мүдде, біртұтас болшақ» атты Жолдауында аталған стратегиялық бағытпен үйлесімді болуы керек.

Жалпыұлттық келісімнің ерекше үлгісі ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын алға тарта отырып, Еліміздің Президенті                  Н.Ә. Назарбаев ұлттың біртұтас болашағын қалыптастыру бойынша негізгі бағыттарды анықтады. Ел Президентінің аталған жолдауын қазақстан қоғамы сәйкестік және бірлік, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесі ретінде қабылдады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» аталған Ұлт Жоспарын орындаудың іс жүзіндегі кезеңі басталды, оның 85-қадамы ретінде Президент «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісін жасауға тапсырма бергені бәрімізге белгілі..

2016 жылғы 26 сәуірде Қазақстан халықтарының Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі қабылданды.

Н. Назарбаев 26 сәуірдегі Қазақстан халықтарының Ассамблеясында «Патриоттық акті — халқымыздың бүгінгі өміріне де, болашағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтардың жиынтығы. Патриоттық акті – бұл тәуелсіздіктің негізін қалаушылардың болашақ ұрпаққа қалдыратын аманаты.  Біз әр қазақстандықтың санасында осы құндылықтарды енгізу үшін жұмыс атқаруымыз керек» - деп, ерекше атап өтті.

Патриоттық акті барша қазақстандықтарды Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырады, олар: Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият, Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Махаббат, бір мақсат, мүдде патшалық еткен қоғамда өмір сүруге талпыну – бұлардың барлығы да болған және дұрыс қажеттіліктері бар сау қоғамның ең басты факторлары болып қала бермек.

Сондықтан «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің басты бағыттарының бірі – отансүйгіштіктің жоғары руханилығын қалыптастыру болып табылады.

Патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «балаларды бір жағынан өз ата-аналарының балалары, ата-бабаларының немерелері, ал екінші жағынан – өз елінің балалары ретінде тәрбиелеу және оқыту қажет» тезисі арқау болды. 

Өз Отанына, жанұясына, табиғатқа деген махабат арқылы өзі туған Отанын, өз жерін мақтан тұтатын нағыз азаматты тәрбиелеуге болады.

Елбасының көрсетіп кеткен міндеттерін шешуде балаларға қосымша білім беру де маңызды роль берілді.

Осыған байланысты, қосымша білім беру ұйымдарының басты стратегиялық тәсілдері «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінде анықталған өскелең ұрпақты әлеуметтендіру және өзін өзі дамыту сияқты маңызды міндеттерді шешуге бағытталуы қажет.

Бұл мақсатқа жету үшін не істеу қажет?

Біріншіден, балаларға қосымша білім беру жүйесінің көп салалылығын дамытуда қайта бағдарлану маңызды; желілік өзара әрекеттестікті қосымша білім беру жүйесінің ішінде, сондай-ақ өзара әрекеттесуші жүйесіндегі серіктестіктердің қатысуымен – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын бейіндерге жақын кәсіби білім, мәдениет ұйымдары, кәсіпорындар, басқа да әлеуметтік серіктестіктер арасында өзара байланысты дамыту.

Екіншіден, қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің арасындағы байланыстың жаңа формалары мен әдістері ерекше рольге ие болып отыр. Бұл жерде серіктестік қарым-қатынастың және балаларды әлеуметтендірудің жеке траекторияларын бірге қалыптастырудың оңтайлы формаларын іздеу мәселесі жатыр.

Үшіншіден, бәсекелі ортаны қалыптастыру және ұйымдарға дербестік беру жағдайында балаларға қосымша білім беру ұйымдарын басқару тәсілдерін қайта қарастыу жөн. Екпін тұтынушы позициясынан қызметтің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа тез ауысу қажет.

Төртіншіден, оның тиімділігін анықтау мақсатында жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс ұйымдарда қосымша білім беру жүйесінің жұмыс істеу мониторингін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.

Балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері, оның қызметі мен құндылықтарының талдауы, бұл білім саласы адами құндылықтарды нығайту үшін, ұлттық-мәдени мұраларды және ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз ететін, сонымен қоса өз Отаны үшін жауапкершілікті артуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы орта болып табылатыны туралы шешім шығаруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, жан-жақты білімді үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстанның жаңа азаматын қалыптастыру ерекше маңызға және өзектілікке ие болып отыр. Балалар мен жастарға бағдарлануға, заманауи пәрменді ақпараттар ағымында өзін табуға, жаманнан жақсыны, жалғандықтан ақиқатты айыра білуге, нағыз мәдени және жалпыадами құндылықтарға қызығушылығын қайтаруға көмектесу өте маңызды.

Ұлт Көшбасшысы ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дәл осыған бағытталған.

Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымның құнды білім беру жағдайында өз елінің игілікті азаматтарын патриоттық сезімге баулу және оларды жайдары етіп тәрбиелеуге жағдай жасау арқылы Қазақстан халқын шоғырландыратын жалпыұлттық идеяларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет.

Балалар қосымша білім беру жағдайында өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдысын дамытады және бос уақытын ұйымдастыруға толық мүмкіндік алады.

Оның балаларға білім беру мәнінің жаңа түсінігімен тікелей байланысты болғандықтан, бүгінгі күні балаларға қосымша білім беру мәселелерінің өзектілігі талассыз болып табылады.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде негізінде барлық басты құндылықтар қамтылған, біздің әкелеріміз бен бабаларымыз армандаған ұлттық идея ұсынылған. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу халықтың руханилық пен мәдениетін сақтаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Қосымша білім беру педагогтері «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруда соңғы рөлді атқармаулары қажет.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – елдің жалпы мақсатына ортақ ұлттық мұраға (салт-дәстүрге, мәдениетке) мақтаныш және шексіз сыйластық сезімін тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруға, қатысушылардың өз Отанына деген құдылықты қарым-қатынасын қалыптастыруға керемет мүмкіндік.

Балалық шақ – ой-өрісін дамыту, білім алуға ынталандыру, мектепте ғана емес, өмір бойы адамдарға, өзінің кіші отанына, елге пайдалы болуға ұмтылысын қалыптастыру үшін қолайлы кезең.

Осыған байланысты, «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының мағынасы мен рөлін түсіндіру кезінде тәрбиелеудің жаңа құндылықты үлгісін ескерген жөн, өйткені басқа салалардағыдай білім саласында да Қазақстан халқымен бірге елдің тағдырын жасау күтіп тұрған балалар мен жастарды тәрбиелеу және оқыту кезінде еліктеу үшін үлгі қажет болады.

Тұлғаның дамуға және өзін-өзі танытуға құқығын қамтамасыз ету, балалар мен жастардың әртүрлі қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерін кеңейту, олардың уәждемелік шамасын, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында қоғам мен мемлекет қосымша білім беру педагогтеріне ұйымдастыру-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-зерттеу шаралар жиынтығынан тұратын  жаңа тәсілдерді қабылдау қажеттігін жете түсінеді.

Түбегейлі өзгерістер болып жатқан барлық неғұрлым жаһанданған қоғам, сонымен қатар қазіргі әлемде бос уақыттың ұлғайған рөлі белгілі бір қажеттіліктерге еріксіз көндіреді. Қосымша білім беру жүйесі әлеуметтік және саяси өзгерістерден шетте қала алмайды.

Мұндай жағдайларда балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты ерекше мәнмен толықтырылады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесі ашықтықпен, мобильді және икемділікке ие бола отырып, бала, оның отбасы, қоғам, мемлекет мүддесіне қарай «уақыт талабына» жылдам және нақты жауап қайтаруға қабілетті.

Жаңа технологиялар әлемінде балалар мен жастардың шығармашылығы түсінігінің өзгеруін ұғыну инновациялық әдістерді белсенді енгізуді, заманауи жабдықтауды қолдануды, заманауи технологиялар орталығы ретінде қосымша білім беру ресурстық орталықтардың рөлін кеңейтуді талап етеді.

Қосымша білім беру педагогтері өздерінің қызметінде ұрпақтың рухани тәжірибесін түсінуге көмектесетін және адамзаттың ілгерілеуге қарай қозғалысын қамтамасыз ететін құндылықты бағдарды қолданулары қажет. Біздің балаларымыздың ұлттық идеология, мәдени дәстүр бағытында тәрбиеленуі маңызды. Идеологиялық құрамдас бөлік барлық іс-шараларда болу керек.

Балаларға және жастарға қосымша білім беру ұйымдарының қатысушылардың тұлғалық патриоттық қасиетін қалыптастыруда, мәдени-тарихи және әлеуметтік саяси дәстүрлерге араластыруда, тарихи-патриоттық клубтар, үйірмелер, орталықтар, экспедициялар, ізденушілік, зерттеу қызметтерінде, әскери бөлімдермен қарым-қатынас жұмыстарын ұйымдастыру арқылы адамдарға, өз еліне пайдалы болу тілегін дамыту бойынша үлкен мүмкіндіктері мен бай жұмыс тәжірибелері бар.

Қосымша білім беру педагогтеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.

Өскелең ұрпақтың азаматтығының қалыптасуының маңызды факторы болып белсенді әлеуметтену және білім алушылардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, елдің тағдырына деген, өзінің кіші отанына деген алаңдаушылық қасиеттерін қалыптастыру табылады. Азаматтық пен отансүйгіштік ең алдымен оның туған жерімен, саналы өмірінің бөлігін өткізген жерімен байланысты болады. Туған өлке, ондағы адамдар, оның өткені мен бүгіні туралы алған білімдері неғұрлым толыққанды және мазмұнды болса, соғұрлым өз халқының салт-дәстүрін құраметтейтін және қадірлейтін, оның материалдық және рухани мәдениетімен мақтанатын азаматты тәрбиелеу сияқты  басты міндеттердің бірі тиімді шешімін табатын болады. 

Балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы басқа сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысында білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әйел-анаға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеумет және табиғатпен жа т.б. үйлесімде өмір сүруге талпыну.

Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығының дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, мазмұны жоғары адамгершіліктен тұратын драматургиялық материалдарды ісзеуге көп көңіл бөлгендері жөн.

Бейнелеу және қолданбалы-сәндік шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетті дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты  механизмі  болып табылады. Бірқатар дербес байқаулар және көрмелер «Өнер арқылы-бірлікке және өзара түсіністікке» көрінісінде келесі номинациялар бойынша жалпы  идеямен біріктірілген болуы мүмкін еді:

«Ұлттық дәстүрлер және әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушалары ұлттық әдет-ғұрыптарды сипаттайды және көрсетеді, сондай-ақ  өз халқының  дәстүрлері туралы баяндайды); 

«Ұлттық әндер, поэзия, ойындар және билер» (байқау қатысушылары ұлттық тілде фольклорлық  туындыны орындайды, билерді,сондай-ақ ұлттық және халық ойындарынкөрсетеді);

«Ұлттық киім»  ( ұлттық киімді немесе оның бір бөлшектерін көрсету. Тарих, рәміздер және берілген бұйымның орындалу тәсілі туралы әңгімелеу арқылы берілуі мүмкін).

4) «Дәстүр ордасы» Сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы» (байқау бағдарламасындағы осы номинацияда шығармашылық жұмыстар және отбасы  жәдігерлерін сақтаушылар авторлары қатысады ( ұлттық ойыншық, кесте  тігу, тоқымашылық, құрақ  тігу, тоқу, өру,майда моншақпен кесте тігу, ағаш ою, күйіктас және т. б.). «Кішкентай жауһарлар» балалар және отбасылық жұмыстар көрмесі);

 5) «Ұлттық тағам асханасы» (байқау қатысушыларына әзірленген тағамды ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлер туралы баяндау, ұсынылған тағамдардың рецептін көркем әзірлеу);

 6) «Отбасылық альбом» шығармашылық жобасы» (байқауға  қатысушылар өз руының өкілдері туралы баяндайды. Баяндамада суреттер, бейнежазбалар, хаттар, күнделік жазбалары, баспа кітаптары, отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстары және  қызықты тарихы бар және үйде сақталған сирек заттарды қоса көрсетуге болады); 

7) «Біз - Қазақстандықтармыз!» видеожобасы және тағы басқалары.

Балалар мен ата-аналардың арасында осы бағыттың танымал болуын ескере отырып, өнердің тәрбиелік әлеуетін толық көлемде пайдалану қажет, себебі ол  өзіндік сана-сезімінің дамуы, «ішкі жан дүниесінің» баюына тікелей әсер ететін шынайы сезімді сезінуге көмектеседі.

Үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует туризмде де жатыр. Дәл осы туризм жасөспірімдер арасында қатты бағаланатын мақсатқа талпынушылық және қажырлық, батырлық және жігерлілік,  өз бетімен әрекет ету және бастамашылдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру балаларды өз  халқының, өз елінің тарихына, мәдениетіне аралстыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың туристік-өлкетану экспедициялары аясында жыл сайын жаяу, шаңғылы, сумен, велосипедті жасақтар, түрлі марштурттар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн.

Келесі тақырыптар бойынша мектеп оқушыларының экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды: «Туған өлкенің көрікті жерлерінен Қазақстанның киелі жерлеріне дейін», «Ұлы Дала Елі»,  «Қазахстан-алтын бесігім», ''Сенің өміріңдегі алғашқы асу'', «Алтын компас» және т.б. жергілікті табиғи және тарихи ескерткіштерден Отанымыздың астанасы – Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін.

Бүгінгі таңда балаларға қосымша білім беру дегеніміз – түрлі өмірлік жағдайлардан шығу жолында түрлі дәстүрлі емес жолдарды таңдайтын, тұлғаға өз болшағын таңдауға мүмкіндік беретін ізденісті білім, тұлғалық өсуіне ықпал ететін процесс болып табылады.

«Үлкен Ел-үлкен отбасы» жобасы аясында «Ұлт жоспары-100 нақты қадамға» сәйкес ұлттық тарих, археология, этнография және мәдениет саласындағы ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларға қатысу арқылы мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Ұрпақ+» мәдени білім беру жобасы жұмысын жандандыру қарастырылады.

Техникалық шығармашылық үйірмелерінің ашылуы, бағдарламалау, робототехника, информатика және ақпараттық технологиялар, компьютерлік дизайн, медиадизайн, жобалау және ғылыми-зерттеу сияқты бағыттарын дамытуға кең қолдау көрсетілуі тиіс.

Қазақстан Тәуелсіздігінің  25-жылдық мерейтойына арналған  «Мен мамандықты таңдаймын...», «Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы», «Отанымның айбыны», «Отаныма 25 игілікті іс!», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Менің колледжім- менің болашақ мамандығым», «Достық сабағы», «Ұрпаққа ұран болған Ұлы ерлік», «Патриот және азамат», «Сіздерге алғысымыз шексіз, ардагерлер!», "Отанды таны-өзіңді тәрбиеле" және т.б. мектеп оқуышыларын республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауларға қатыстыру арқылы балалар мен жасөспірімдер қозғалысының тиімділігін және жеделділігін арттыру үшін виртуалды ресурстар базасына назар аудару ұсынылады.

Бала үшін жаңа оқу жылы - өте маңызды оқиға болып табылады, сол себепті, қосымша білім беру ұйымдарындағы бірінші оқу күнінде еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығында  «Мәнгілік ел» Патриоттық актісін қабылдау сияқты мағызды оқиғаларды түсіндіру ұсынылады.  Осындай шараларды  өткізу үшін саясатта, ғылымда, мәдениетте, спортта, бизнесте танымал және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жастарды және ата-аналарын шақырған жөн.

Қосымша білім беру ұйымдарында үйірме немесе секция сабақтары мемлекеттік және жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбиеленуші тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға,  қазақ халқының тарихи дәстүрлеріне, ұлттық мәдениетке құрмет пен ұқыптылыққа бағытталған тәрбие жұмыстарының серпіні болуы тиіс. 

«Мәңгілік ел» патриоттық актісін түсіндіру барысында тарихы мен өңірдің қазіргі дамуы (ауыл, қала, аудан) туралы материалдарды   қолдану кезінде мектеп оқушыларының жас және жеке ерекшеліктерін ескерген дұрыс. Отандық әдебиеттерден, кинематографиядан, көсемсөздерден, поэзияны колданудан, балалардың жеке өмірлік ұстанымдары туралы шығармалардан мысалдарды қолдануға болады.

Мұндай іс-шараларды өткізу формасы әр түрлі болуы мүмкін (саяхат, жарыс, ойын, сурет, қолдан жасалған бұйым байқаулары,  музыкалық шаралар, фотокөрмелер, дебат жарыстары, «Ертең бүгін басталады» тақырыбында пікірталас, танымал жерлестер, ғылым және өнер өкілдерімен кездесулер және т.б)

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында қосымша білім беру педагогогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз еркімен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталады.