Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» зияткерлік сайыс
24-05-2013 12:52

Сайыстыңмақсаты: Қазақстан тарихы бойынша жинақтаған білімдерін, танымдыққабілеттерін арттыру.Сайыскерлердіңойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстыңұраны: «Халықтыңкемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттықпен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Көрнекіліктері: слайдтар

Сайыстыңжүру барысы:

1-жүргізуші:Тәуелсіздік -  қасиетті ұғым,  сәулелі құбылыс.  Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздыңасыл арманы болған.

2 жүргізуші :Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

                      Туған жердіңшежіресі өтеді.

                       Меніңелім Қазақстан – Отаным,

                       Болашағы бізбен бірге өседі.

1-жүргізуші     Өткеніңді еске алсаң,

                         Өскеніңніңбелгісі.

                         Өткеніңді ұмытсаң,

                         Өшкеніңніңбелгісі,

2 жүргізуші:Ойынға қатысушы 5а және 5әсыныптарының  талантты, дарынды оқушылары

1 жүргізуші:Қазылар алқасы: Оқу ісінің меңгерушісі Джамалбаева Сайран  Сағатовна,

 9 сынып оқушысы:  Ибраева Сая және 7 сынып оқушысы  Манат Розагүл

 (Бағалау парағы беріледі. )

2 жүргізуші: Сайысқа қатысушы топтардың өздерін таныстыруын сұраймыз

1 жүргізуші: Сайыстың кезеңдері:

1 кезең. Блиц-турнир    

2 кезең. Тарихты білесің бе?        

3 кезең. Ділмар

4 кезең.Тарихи тұлғалар      

5 кезең. Бәйге

     2- жүргізуші: Сонымен ойынымыздың1 кезеңі «Блиц-турнир».

1- жүргізуші: Ойынныңшарты әр сұраққа «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріледі. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

Бірінші топ үшін:

1.Шығыстағы тарих атасы Сыма Цянь (ия)

2.КСРО 1991 жылы тарады. (ия)

3.Қазақстан Республикасыныңрәміздері 1990 ж.  қабылданды (жоқ)

4.Жер шарындағы еңкөп халыққытайлар(ия)

5.Елтаңбаларды зерттейтін ғылым - нумизматика(жоқ)

6.Қазақтыңүлкен атасы- Алаш(ия)

7. Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлінеді (жоқ)

Екіншітоп үшін:

1.Батыстағы тарих атасыГеродот (ия)

2.ҚазақКеңестік Автономиялы Респупликасы 1920 ж. құрылды(ия)

3.Қазақтыңтұңғыш академигі Ш. Уәлиханов (жоқ)

4.Ежелгі түріктер руна жазуын пайдаланды (ия)

5.Адамдар тіршілгін заттықдеректер арқылы зерттейтін ғылым- этнография(жоқ)

6. Қазақстан жерінде қола дәуірінде арий, тур, қиян тайпалары өмір сүрген(ия)

7.Тарихи дерек көздер төртке бөлінеді(жоқ)

2- жүргізуші: Қазылар алқасынан Бірінші кезеңніңұпайларын айтуды өтінеміз

1-жүргізуші: Ойынымыздыңекінші  кезеңі  «Тарихты білесіңбе?»

5 сыныпқа арналған электронды оқулықтағы «Буырқанған өзен» тақырыбындағы тест орындалады. Барлығы 40 сұрақберілген. Алғашқы 20 сұраққа 1- топ, ал кейінгі 20 сұраққа 2- топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.

2-жүргізуші:  1- топтыңойыншылары  дайынсыздар ма?  Ойынды бастаймыз.(электронды оқулықтағы алғашқы 20 сұрақберіледі)

1-жүргізуші:  2- топтыңойыншылары  дайынсыздар ма?  Ойынды бастаймыз.(электронды оқулықтағы кейінгі 20 сұрақберіледі)

2- жүргізуші: Қазылар алқасынан Екінші кезеңніңұпайларын айтуды өтінеміз

1-жүргізуші: Ойынымыздың келесі кезеңі  «Ділмар»

2-жүргізуші: Ойынның шарты интерактивті тақтада берілген тақырыптардың бірін таңдап алып, сол бойынша әңгіме құрастыру. Онда оқушы шешендік өнері, ой қоры, тіл байлығымен ерекшеленуі қажет. ((3 минут уақыт беріледі

1 топ үшін:  «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел», «Қазақ елінің хандары»

2 топ үшін:    «Тіл – ұлт байлығы», «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»

1 жүргізуші: 4 кезең. «Тарихи тұлғалар»- берілген мәтін арқылы  тарихи тұлғаны анықтау қажет, дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1 топтың тапсырмасыҚазақстанда ауыл шарушылығын ұжымдастыруда кеткен кемшіліктердің зардаптары туралы мемлкет беасшысына екі рет «сіздің мына жазбамен танысып, аштықтан қырылуға жақын көтеген адамдардың өміріне араша болуыңызды өтінемін» деген сөздермен басталған хатын жіберген Жетісу өңірінің түлегі (Т. Рысқұлов)

2 топтың тапсырмасы:Осындай өте қиын жағдайда  Петербург сарайына өз елшілігін жіберіп, Ресей императрицасынан өзін ұлысымен біргеРесей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. (Әбілқайыр хан)

2 жүргізуші: «Тарихи тұлғалар» кезеңінің ұпайлары айтуды өтінеміз.

1-жүргізуші: Ойынымыздың келесі кезеңі  «Бәйге»

 Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұраққойылады, ал жауап сол әріптен басталады . Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

 

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

Н

 

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

 

Ш

Щ

 

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я

А- Еліміздіңоңтүстік астанасы /Алматы/

Ә- Абылай ханныңшын есімі /Әбілмансұр/

Б- Астана қаласыныңсимволы /Бәйтерек/

В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/

Г- Тарихтыңатасы /Герадот/

Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ  /Ғасыр Адамы/

Д- Адамзаттың жаратушыға, табиғаттың тылсым күштеріне табынуы, оларға деген наным-сенім /Дін/

Е-  Еуразия кеңістігінде көшпелілер империямын құрған (Еділ патша)

Ж- «Қазақ шежіресін» хатқа түсірге (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)

З-  Сиырдыңпірі/Зеңгі баба/

И- Елбасымыздыңмамандығы/Инжинер- металлург/

Й-  «Әзіреті сұлтан» аталатын құрылыс кімге арнап салынды (Ахмет Йасауи)

К- Қазақтыңсоңғы ханы/Кенесары/

Қ- Төкпе күйдің майталман шебері(Құрманғазы)

Л- Кеңес үкіметінің басшысы (В.И. Ленин)

М- Кеңес Одағының Батыры (М. Мәметова)

 Н- Көне иран сөзі, «жаңа күн» дегендібілдіреді (наурыз)

О-Қазақстанныңбұрынғы астанасы /Орынбор/

Ө-Қазақстандағы түсті металлургияныңорталығы/Өскемен/                 

П-Жоғарғы заңшығарушы орган /Парламент/

Р-1995 жылы «Әлемніңәйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген әйгілі әнші  /Р.Бағланова/

С- Б.з.б. І мыңжылдықтағы қазақстанның тұрғындары (сақтар)

Т- Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел  /Түркия/

У- Малдыңтөлдегеннен кейінгі алғашқы сүті  /Уыз/

Ұ- Абайдың анасы (Ұлжан)

Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/

Ф-«Екінші ұстаз» атанған ғұлама  /Фараби/

Х- Парсы деректерінде сақтардың бір тобы қалай аталады (хаумаварга)

Һ- Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оныңтәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халыққаһарманы/

Ц- Астана қаласыныңбұрынғы атауы /Целиноград/

 Ш-1835-1865 жылдарда өмір сүрген  қазақтың көрнекті ғалымы (Ш. Уәлиханов)

Щ- Каспий теңізінің жағасында орналасқан порты қала Ақтаудың 1992 жылға дейінгі атауы (Щевченко)

Ы-ХІХ ғасырда өмір сүрген дәулескер кұйші – қобызшы (Ықылас Дүкенұлы)

І- Сүттен жасалатын тағам (Ірімшік)

 Ь-Қазақстанныңеңбиік тауы /Тянь-Шань/

Э-Халықтардыңәдет- ғұрып, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым/Этнография/

Ю- Планета (Юпитер)

 Я- Ауызша тарих ұғымын тұңғыш қолданған Адам (Ян Вансина)

2 жүргізуші: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты зияткерлік сайысымыз өз мәресіне жетті.

1 жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық Ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына.

2 жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

1 жүргізуші.: Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.

Марапаттау рәсімі.