Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”

Еңбектері

10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.

1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.

Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.

Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.

Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.

Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтелдер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.

Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.