Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Шапық Шөкіұлы Шөкин

Шапық Шөкіұлы Шөкин (01.10.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы 10-ауыл – 4.7.2003, Алматы) – көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі,техника ғылымының докторы (1953), профессор (1956). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). 1937 жылы Омбының С.М.Киров атындағы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Қазақ КСР ауыл шаруашылық электрлендіру мекемесінде бөлім бастығы, бас инженер (1937— 43), Қазақ КСР ҒА энергетика бөлімінің меңгерушісі (1943-44), Қазақ КСР ғылым академиясының энергетика институтының директоры (1944—63) әрі академик- секретарь (1955-62), Қазақ КСР ғылым академиясының президенті (1964—67) және президиум мүшесі (1955—68) қызметтерін атқарды. 1963 жылдан бері Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ш.Шөкин —Г.М.Кржижановскийдің шәкірті. Ол 1944-50 жылдары Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын комплексті түрде пайдалану мәселесін шама т9рғыдан зерттеді, сөйтіп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мөселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Ш.Шөкин — Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды. Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т. б. арналған. Ол Белград (1957), Бангкок (1961), Будапешт (1965), Мәскеу (1968) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады. Ш.Шөкин — КСРО ғылым академиясының комплексті энергетика және су қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі, Республикалық энергетика және электротехника ғылыми қоғамы председателінің орынбасары Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). 6-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясының ХӀӀ-съезінде Қазақстан КП ОК мүшесі болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.