Батырларға хат
Міне, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да келді. Осы жылдар арасында талай оқиға халқымыздың басынан өтті, бірақ сол қантөгіс соғыстың зардабы әлі де есімізде. Фашистік немістердің біздің туған жерімізді басып алмауы сіздердің арқаңызда. Жау әскеріне тойтарыс беру үшін көптеген адам сенгісіз ерлік жасадыңыз. Араларынызда өз өмірін аямай, Отан үшін жан береміз деп талай жас қыршынынан қиылды.
Бұл ерліктерінізді болшақ ұрпақ ұмытқан жоқ , сіздерді мақтан тұтуда. Көбіңіз бүгінгі бейбіт күнге жете алмадыңыз, бірақ сіздің есіміңіз тарихта мәңгілікке қалатыныңызға сенімді болуыңызға болады.
Отан қорғаушы қандай болу керек деген сұрақ туғанда, әлбетте, бірінші ретте сізді еске аламыз. Халқымыздың жастары сіздерге қарап өз бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуде.
Құрметті Батырлар! Біз, қазақ елінің жастары, аманат етіп қалдырған елімізді сақтауға, оны құрметтеп дәріптеуге сіздерге уәде береміз. Осы көріп отырған бейбіт күнімізге сіздерге алғысымызды білдіреміз!
Қайыржан Саңжар, 10 сынып оқушысы
Менің отбасымның тарихы
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды.
Соғыс - сызылған жара мен батырлыққа толы сөз. Осы сөзді естісең, денеңнен суық өтеді. Соғыс өзінің қайғы мен мұңды ізін тарихта қалдырып кетті. Бұл соғыста қаншама адамдар өз Отанын қоғау үшін құрбан болды, қаншама жас әскерлер қаза тапты, қаншама қан мен тер төгілді. Әскерлер Отан үшін бәріне де барған! Олар өте жас еді. Өмірдің қызығын толық көрмеген, бірақ оларда патриоттық сезімі басым болған. Олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен ыстық махаббаты, жас балаларды қайратты сұңқар еткен. Осы күшпен, Отанға деген ыстық махаббатымен, олар соғысты жеңебілді. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті.
Мен соғыс жайлы көп естігенмін. Бұл естеліктер маған аса қымбат, өйткені соғысқа менің ұлы атам Нахметов Аманжол қатысты. Ол ағасынан кейін соғысқа екінші болып аттанды. Атам 1941 жылы 36 жасында майданға аттанады. Аманжол атам қарапайым, қайырымды, адал адам болды. Соғыс жылдарында ол өзінің батылдығымен ерекше көзге түскен. Жарақат алып, 1944 жылы соғыстан оралды. Соғыстан кейін де елінің, туған халқының артқан сенімін адалдықпен атқарды. 1946 - 49 жылдары Ақсу қаласының Қызылжар ауылында адал қызмет етеді.
1984 жылы 76 жасында дүниеден озды. Атамның омырауы ордендер мен медальдарға толы болатын. Бұлардың тегіннен - тегін келмегенін білемін. Ол қанша қиындықпен, батылдықпен, адамдардың болашағы үшін тайсалмай күресінің арқасында осындай дәрежеге жеткенін білемін. Сөз соңында айтарым, біздің отбасымызда осындай батыр рухты атамның бар болғанын мақтан етемін.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихтан мәңгі естелікте қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерлікті сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Міне, биыл Ұлы Отан соғысына 70 жыл толады. 70 жыл бойы адамдарды соғыстың ащы дәмі мен зарлы үні мазаламайды.
Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, күшімен, көз жасымен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай,еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні.
Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы.
Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?! Оны ашып анықтау белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып, елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау - кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы.
Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмақ емес! Иә, содан бері ұзақ уақыт өтсе де,ешнәрсе де ұмытылған жоқ!
Соғыс ешқашан болмасын, бірақ бұл зұлмат соғысты ұмытпайық! Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!!!
Оразымбек Орынгүл, 8 сынып оқушысы
«Өмір үшін мың тағзым»
Соғыс-күйретуші күш! Иә, дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Қанша жылдан бері біз өзіміздің тәуелсіздігімді, бейбітшілігізді тойлап келе жатырмыз.оның барлығы да бізге, болашақ ұрпаққа үлкен еңбек, тер арқылы келді. Аталарымыз бізді қорғау үшін өз жандарын пида етіп, бізге үлкен жеңіс әкелді. Әрине, біз оның барлығын көрмесек те, олардың есімі мәңгі біздің жүрегімізде болады. Уақыт өткен сайын ауыр соғыстың куәгері болған апа-аталарымыздың саны азайып бара жатыр. Сондықтан да келер ұрпаққа жеңіс туралы тарихи мәліметтерді сақтап қалу біздің басты міндетіміздің бірі деп ойлаймын.
Ұлы Отан соғысы-адам баласының адамдық қасиетке жатпайтын өзімшілдігі, аярлығы, зымиян ойлылығы мен озбырлығынан басталды. Қанша адам жақындарынан айырылды? Қанша адам туған жерден жырақ жүріп, қаншасы жат жерде жерленді? Қанша бейкүнә бала азап тартты? Қанша ананың көз жасы көл болды? Қанша адам өз баласы, ұрпағы үшін барлығына да барды? Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің атам - Кабдиев Шаймұхан да қатысқан болатын. Атам 1927жылы туып, 1981 жылы өмірден өткен. 54 жыл өмір сүріп, бар ауыртпашылықты көріп кеткен. Шынымды айтсам, атам жайлы еш нәрсені білмеймін деп айтуға болады. Себебі, бала кезімнен бастап ол туралы сұрасам да, ешкім де маған тіл қатпады. Тіпті суреттерін де көрсеткен емес. Неге екенін білмеймін бірақ мені алуан түрлі сұрақтар әлі күнге дейін мазалайды. Бір күні менің атам келініне соғыс жылдары,сол кездегі қиыншылықты,өз отбасысының жағдайы жайлы айтыпты. Сол келіні барлығын есіне түсіріп, маған біразын айтып берген болатын. Атам Мәскеу, Сталинград, Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсетіпті. Киев, Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысыпты. Атам жеңісті Калининград қаласында қарсы алыпты. Өзінің ерлігі үшін ордендермен, медальдармен марапатталып, туған жеріне 1946 жылы оралыпты. Соғыс кездерінде көптеген қиыншылықтар, ашаршылық та болғанын әр адам біледі. Міне, сондай қиын жағдайда атам ұлды болыпты. Бала сол қиын кездерде туылған соң, оның атын - Тумаш деп қойыпты. Бала өсіп, оған жейтін тамағы мен киетін киім қажет болды. Атамның келінінің айтуынша, атам оны қапшыққа салып, тамағын беріп, оны қамтамасыз етіп, қауіпсіз жерге апарып қоятын. солай ауыр сәттерді де бастан өткізіпті. 1979 жылы соғыста алған ауыр жарақаттың салдарынан көзі көрмей қалып, 1981 жылы дүниеден өтіпті.
Жан ата, қатал әскери сынақ жылдары белсеңді Отанын қорғағандардың қатарында болдыңыз. Сіздің Ұлы Отан соғысы кезіндегі жетістіктеріңіз бен ерліктеріңіз біздің, жас ұрпақтың жадында мәңгілік сақталады. Өміріңізбен де, аталық мейіріміңізбен де, жадымызда жатталған әрбір ғибрат сөзіңізбен де тағылымды тәрбие тамыршысы болдыңыз. «Ер есімі-ел есінде» деген сөзді халық текке айтпағанына көзім анық жетті. Құрметті адамдар, әсіресе жастар Соғыс және Еңбек ардагерлеріне тағзым етейік! Оларды қадірлейік!
Кабдиева Айсана, 10 сынып оқушысы
Ұлы бабалар тағылымы
«Ер есімі ел есінде»
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар,келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар және олардың қалдырып кеткен мұралары аз болмаған. Солардың ішінде соғыс ардагерлеріміздің елге жеңіспен бірге бейбітшілік өмір сыйлағанын ерекше айтып кеткім келеді.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толып отыр. Бірақ,Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмас, жаралы ізін қалдырды. Қанша азамат қаза тапты, қанша бала әкесінен, анасы баласынан айырылды.
Сол сұрапыл жылдар – мәңгі тарихта қалатын қасірет қана емес, сонымен қатар халқымыздың ерлігі мен қажыр-қайратының,бірлігінің, шыдамдылығының дәлелі. Сондай қасиеттер арқылы ата-бабаларымыз жерімізді жаудың қолына бермей,жеңіске жетті. Көптен күткен армандары орындалды.
Қазір біз болашағы жарқын,бағыты айқын,тәелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз.Бұл тәуелсіздік - Отанымызға жауынгерлеріміздің ерлігінің арқысында берілген тәңірдің сыйы. Ендеше, ұланғайыр кең даламызды соғыс өрті ешқашан шарламасын. Бейбітшілік жасасын!
Калиева Дильназ, 7а сынып оқушысы
День Победы
В этом году исполняется 70 лет Великой Победе. Великая Победа отмечается 9 мая. Девятого мая все люди собираются в Аксуском городском парке, где горит вечный огонь, и минутой молчания почитают память Ветеранам Великой Отечественной Войны, погибшим за нас. Девятое мая очень важный праздник. Наши прадеды участвовали в войне, ради своей земли и за будущее. Наши герои войны - Бауыржан Момышулы,Маншук Маметова,Алия Молдагулова. Война шла 4 года с 1941 года по 1945 год. Исейчас, в мае 2015 года, мы,дети 21-го века, со слезами на глазах будем отмечать 70-летие Великой Победы в этой войне. Немногие выжили после войны.
Я всегда буду благодарить и ценить тех людей, которые участвовали в войне!
Ученица 3 класса Омурбаева Данель
Ұлы бабалар тағылымы
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
(Халық даналығы)
Қазақстандық жауынгерлер елі мен жерінің амандығы үшін Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық…
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы...
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
"Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!
Карибаева Малика,7а сынып оқушысы
Өмір үшін мың тағзым
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Махмұтбай Әміреұлы
Отан үшін от кешкен қадірлі қарияларымыздың қатары уақыт өткен сайын азайып бара жатқаны өкінішті. Қазақстаннан сұрапыл майданға аттанған ер- жүрек ұл-қыздар соғыста жеңу жолында асқан ерлік көрсетті. Жауынгерліктің биік үлгісін көрсете білген ардақты ардагерлеріміз қан майданда да жан аямай күресті. Олардың артында қалған отбасы,бала шағасы азаматтарының жеңіске жететініне сенді және сол қасиетті күнді асқан шыдамдылықпен күтті.
Қазақстандық жүз мыңдаған отандасымыз елдің сол сенімін ақтап, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Олардың бәрі де кеуделеріне орден, медальдарды жарқырата тағып, Отанына абырой әкелді. Соғысқа қатысқан жауынгерлердің арасында «Кеңес одағының батыры» атағын алғандар да жетерлік. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Ибрагим Сүлейменов, Сұлтан Баймағамбетов сынды көптеген батыр тұлғалардың есімі ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталады. Осындай есіл азаматтардың арқасында жеңіс туы желбірегенін кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды.
Биыл біз Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Бұл – сіз бен біздің ортақ тарихымыз. Осынау ерлік мейрамына дайындалу – Ардагерлер кеңесі үшін үлкен мәртебе. Күллі адамзатқа қауіп төндірген сұм соғыстың зардабын тартып, Отаны үшін жан алысып, жан беріскен ардақты ардагерлерімізді құрметтеу, соларға арнап мереке өткізу біз үшін үлкен міндет болып саналады. Біз сіздерге қарыздармыз! Сіздерге мың тағзым, құрметті майдангерлер!
Қарабек Айзада, 8 сынып оқушысы
Соғыстың күнделіктері
Соғыс, соғыс, соғыс деп кетті олар,
Аттанды ғой майданға халқы үшін.
Халықтың тыныштығың бұзғандар,
Өтейді ғой жазасын қалай болсын!
Қ. Аманжолов
Әр халықтың, мемлекеттің тарихы болады. Мысалға, өз халқымды,яғни қазақтарды алсам, есте қалардай үлкен оқиға болған.Ұлы Отан соғысына тоқтала кетсек. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрттер шамасында батыс жақтан ескертусіз соғыс бастаған неміс фашистері халқымыздың тыныштығын бұзып, біздің ел үшін қара күндер орнатты. Адам түнде ұйқы, күндіз күлкі көрместей болып бес жыл өмір сүрді. Сол бес жыл ішінде жүректі тебірентердей көп оқиғаны бастан кешірген ер жүрек ерлеріміз,тіпті Отаны үшін өмірінен де айырылды, не мүгедек болудан құр қалмады, аман сау қалғандар бар, бірақ санаулы ғана. Менің естуімше атам Сүлеймен соғысқа қатысқан және оралмаған.Ал оның ақырғы хатында аяғынан айырылғаны анық жазылған. Қан төгіліп жатқан кезде,қарапайым халықты аштық жайлаған.Мұндайды құдай басқа салмасын,аллам қазіргі қарапайым халықты соғыстан сақтасын, деп тілеймін. Қазіргі заманда біздің тәуелсіз өмір сүріп жатқанымыз Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі мен ержүректігі.Соғыс басталысымен қазақ халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Оларды еске алатын болсақ, Мәншүк Мәметова: ”Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін”,- деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақтың бойжеткенінің өзіне де сол жылдары батылдық деген қасиет бойына өрледі. Отан үшін өмірін құрбан еткен тағдырларды естен шығармау – Қазақ елінің ұлтжанды жастарының басты міндеті деп ойлаймын Отан қорғаушыларымыздың тағы бір батыр қызы Әлия Молдағұлова.Ол кісі жайлы көп мағлұмат бар,бірақ қысқаша тамаша өлеңмен айтып кетейін:
Намысын бермеу үшін жатқан қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Ерліктің қос қанаты деп білеміз
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Әрі жазушы, әрі жауынгер болған Бауыржан Момышұлы:
Шыққан тегі дауылдан,
Алғыс алған қауымнан.
Қаһарманы қазақтың
Момышұлы Бауыржан.
Олар біздің бейбіт өміріміз үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті жаудың аяусыз езгісіне де төзімділік танытты.
Мен өзімді бір сәт қана батырлардың орнына қойып көріп, жазған өлеңіммен бұл шығармамды аяқтайын:
Алыстан көрінеді алпыс мылтық,
Айғай - шу күн қараңғы не істер едік?
Жүрегім сол бетінде тоқтап қалды,
Көргенде ай астында фашистерді.
Аттандым сол бетінде майданға мен,
Ертіп - ап қасымдағы құрдастарды.
Майданға кетіп барам қоштасайын,
Қимаймын Отанымды,отбасымды.
Келемін бойымда намыс, қайрат,
Жеңерміз деген ойда жүрмін анық.
Қазақ елі мәңгі де жасай берер,
Жерімізді қайтарып алсақ егер.
Қазақ елін,қазақ жерін,қазақ тілін,
Сақтап өтем сүйіп өтем мәңгі де мен.
Майданға аттанамын қорғау үшін,
Қазақтың халқыменен кең даласын!
Жеңістің 70 жылдық мерей тойларыңызбен!
Ахметова Данира 7ә сынып оқушысы
Өмір үшін мың тағзым...
Отан үшін отқа түс-күймейсін.
Б.Момышұлы
Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, түсініксіз бір дүниеге айналды.
Жетпіс жыл бойы соғыстың сызы мен ызғары, адамдардың жүрегінде қатар өмір сүріп келеді. Соғыс-қасірет әкелмеген отбасы жоқ. Әр шаңырақ оның қияметін сезінді. Сұрапыл жылдар бүгінде самайын ақ шалған қариялардың балалық шағын ұрлаған зұлмат. Сондықтан да барша адам баласы фашизм тұтандырған сол бір соғыс өртін ешқашан енді ұмытпайды.
Ендеше, адамзат тарихындағы қара таңбаны бүгінгі жас ұрпақ терең ұғынып, енді мұндай апатты жол бермейтін саналы азаматтар болып өсуі үшін Ұлы Жеңістің маңыздылығын есімізден еш түсірмеу керек.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп,соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қайрат - қайсарлығының, бірлігінің дәлелі еді.
Жеңіс – ортақ, орыс, украин, беларус, қазақ, татар, өзбек,қырғыз және басқа да ұлттар мен ұлыстардың ұл-қыздары ортақ жауға қарсы тізе қосып шайқасты. Олар бөлінген жоқ. Артта қалған отбасыларын, қасиетті елді мекендерін, ұрпағының болашағын қорғауды мақсат етті. Сол жолда жанын пида қылды.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты,алғашқы күннен бастап-ақ жұдырықтай жұмылды.Республиканың түпкір-түпкірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды.Кеше ғана мектеп партасында отрыған бозбалалар мен бойжеткендер де,қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев.Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Адамзат тарихында ірілі- уақты көптеген соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа қырынан көрінуі. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.
Қазақ жерін сол сұрапыл,қатаң соғыс жылдарында қорғаған аталарымыз қазіргі кезде,күннен-күнге азайып келеді.1945 жылдың 9 мамырында туған нәресте қазір 70-ке келіп жатыр.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық адам баласының арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын!
Қазіргі өмірімнің тыныштығы Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы батырлардың зор үлесі. «Өмір үшін мың тағзым» деп қазақ елі үшін жаның пида еткен қаһармандарға өлең шығардым
Ұмытпайық батырларды ел қорғаған,
Отан үшін жүректерін пида қылған.
Бауыржандай,Әлиядай,Рақымжандай
Батырлардың барына риза болам!
Еске алып үмытпай мәртебе жасайық,
Ерліктері қазақ есінде мәңгі қалсың.
Бұның бәрі сендер үшін,уа-халайық
Болашақ ұрпақ осыны ұмытпасын!
Азайды ғой батырларымыз елімізде,
Жетпіс жыл жыл аз емес ол ардагерге,
Өмірінің соңғы жылдарын сүріп жатыр.
Бейбіт өмір сыйлады ғой олар бізге!!
Бұл соғыс жерімізге сабақ болды,
Қайталамайық енді бұл қателікті.
Байтақ жер мұра етіп атамнан қалды,
Осы соғыс қазақтарға жеткілікті!
Байгалиев Әділ 10 сынып оқушысы
Мен батырдың көшесінде тұрамын
«Ала алмайсың, - деді батыр,
Дұшпанына, - еркімді».
Кең жерімді туған өрт салып,
Бұза алмайсың көркімді!»
Жолын бөгеп дұшпанның
Құрбаны болды қайран ер,
Ер боп туған адал баласың,
Қойнына алды туған жер.
А.Жүсіпов
Мен Ұлы Отан соғысы батыры Қанаш Қамзин атындағы көшеде тұрамын. Қанаш Қамзин Ұлы Отан соғысының ардагері.Соғыста 429-ыншы рота командирі болған, лейтенант. Ол-1991 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтің бітіріп, Сталинград жаяу әскерлер училищесінің курсын да бітіре алды. Кейін Алматы қалалық военкоматымен қызыл армия қатарына шақырылды. 1943 жылы қан майданда күреске түскен.1944 жылы 13 қыркүйегінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жоғары кеңесі Президиумының нұсқауымен барлық тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлығы үшін Қанаш Қамзинға Кеңес одағының батыры атағын берді,Ленин орденімен марапатталды.1944 жылы 14 сәуірде ротаны шабуылға көтерді. Өзінің ротасымен батырлық танытып, Гура-Выкулайдың өте биік екеніңе қарамастан, биіктікті басып алып немістерді қуып жетеді және жиырма офицерлерді жояды.Осыдан кейін ерлікпен қаза табады. 2014 жылы 29 қараша күні Ақсу ауданыңда Кеңес одағының батыры Қанаш Қамзин атына тоқсан бес жылдығына арнап салтанатты кеш өткізілді.Қанаш Қамзин атындағы орта мектеп те ашылды.Сол орта мектебіңде 2014 жылы 29 қарашада Қамзиннің ерлігіне Г.Н.Потанин Павлодар облысты тарихи-өлкетану музей қорында Қанаш Қамзинге арналған көрме ұйымдастырылды.Биыл осы сұрапыл соғыстың аяқталғанына 70 жыл толып отыр.Қаншама уақыт өтсе де, біз Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ешқашан ұмытқан емеспіз және болашақта да ұмытпаймыз.Қанаш Қамзинге арнап Ақсу қаласында көшенің атын атағаны және сол батыр атамыздың атымен аталған көшеде өзімнің тұратыныма мақтанышпен қараймын. Мен соған қуанамын.Батыр атамның ерлігін мадақтап,мына өлең жолдарын арнаймын:
Тұрамын мен ұлы адамның көшесінде
Мақтанам туған жерім сенесің бе?
Ұлы елімді қорғаған отандасым
Аймалаған отанымды сүйіп өтем.
Бар адамзат отан үшін күрескен
Жаның қиып,қаның төгіп көп өткен.
Келер ұрпақ сендерге деп аманат
Мынау жерім,мынау елім деп кеткен.
Батыр бабам, батыр ағам, бәріне
Тағзым етер мына ұрпақ әрине
Сендер қорғап, сақтап берген жеріме,
Адал болар ұлың, қызың, бәрі де.
Осыменен бітеді менің айтар сөзім,
Жүрегімде сақталмады төзім
Бар тілегім,аман болсын жыршы халық,
Туған жерің, елің сүйіп өтсін мәңгілік.
Аждарова Ұлжан, 7ә сынып оқушысы