Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Созақ қаласы

Екі мыңжылдық тарихы бар Созақ қаласы, қазақ хандығының алғашқы астанасы болуымен ерекшеленеді. Керей мен Жәнібек хандардың ордалары тігілген ежелгі қала жайлы құнды деректер «Көне дүние күмбірі» айдарында.  Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихында елеулі орын алған Созақ қаласының орны Қаратаудың теріскей беткейіндегі қазіргі Созақ аулының жерінде жатыр.Созақ – Қазақ хандығының ең бірінші астанасы болған қала. 1465-1469 жылдар аралығында Керей мен Жәнібектің ордалары осы қалада тігілген екен. Әбілқайыр ханның өлімінен соң басталған билік үшін таласта Созақ қаласынан хан ордасы көшірілген. Осыдан-ақ екі мың жылдық тарихы бар бұл қаланың ерекше мәнге ие болғанын көреміз.Археологиялық зерттеулер Созақ қаласының тарихы екі мыңжылдан асатынын айтады. Қазақ хандығының дамып, өркендеуінде ерекше үлес қосқан Созақ қаласының орын тепкен жері Қаратаудың батысында, қазіргі Созақ аулының тұсында болған. Бұл жерде орта ғасырға жататын екі қаланың орны бар екен. Алғашқысының аты Тарсатөбе деп аталады. Қала қазіргі ауылдың солтүстік-күншығысына қарай орналасқан. Ал келесісі ауылдың ортаңғы жағындағы жергілікті халық «Өргешігі» деп атайтын бұрынғы Созақтың орны. Ауылда бір емес екі бірдей қаланың ізі жатқанын тұңғыш айтқан қазақтың кемеңгер зерттеушісі Әлкей Марғұлан болатын.Созақ қаласының аты жазба деректерде алғаш рет ХІІІ ғасырдың ортасында армян патшасы Гетумның моңғолдың ұлы ханы Мөңкеге кездесу үшін жасаған сапарымен байланысты аталады. Елшілік моңғол астанасы Қарақорымнан қайтқан сапарында Хутухчин, Пергант, Сухул-хан, Уросо-хан, Кайкант, Хузақ, яғни Харчух тауы арқылы Сгнах пен Совран, Харчух, Асон, Отырар, Зернух арқылы Дизакқа жеткені жайлы жолжазбада көрсетілген.Созақ қаласы осы аймақтағы басты қалалардың бірі болды. Қала көшпелі, жартылай көшпелі тіршілік кешкен малшылар мен ірі өзен-көлдердің жағалауларын мекендеген егіншілік пен сауданы басты кәсіп еткен отырықшы мәдениеттің түйісетін белдеуі саналған Қаратаудың солтүстік беткейіндегі жолақта орналасқан.Археолог-зерттеуші Ерзакович аталған қалашықты Х-ХІХ ғасырлардың арасында болған 5 құрылыс қабатынан тұрады деп тұжырым жасады. Ал кейінірек 19821983 жылдары жасалған археологиялық топтың зерттемесі Созақ қаласын Х-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген дейді.Қаланың нағыз көркейген тұсы Қазақ хандығының құрылғандығымен тығыз байланысты. Археолог Ақышевтің мәліметінше, Созақ қаласы арқылы хандықтың басты қалаларына апаратын Суындық, Ақсүмбе секілді асулар өткен. Міне, сол себепті де бұл қала сауда-экономикалық маңызға ие болған. Созақ – Қаратаудың теріскейінде Дешті қыпшақтың даласынан Түркістан мен Отырарға, Сауран мен Сайрамға, батыс жақтағы Аралдың маңайындағы қалаларға, Шу мен Таластағы ірі орталықтарға апаратын жолдың түйісер тұсында орналасқандығымен маңызды.Қазақ хандығының тірегі ретінде Созақтың маңызды орталық болғандығын көруге болады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Созақ ірі бекіністің біріне айналды. Жоңғарлардың жойқын шабуылдарына төтеп беріп жатқан қазақ әскерлерін азық-түлікпен, қару-жарақтармен қамтамасыз етіп отырған. Созақтың ірі қала болғандығы тіпті орыс жазбаларында да ұшырасады. Әбілмәмбет ханның тұсында (1743-1745 жж.) Созақ Отырар, Түркістан, Сауран, Өгізтаумен бірге Қазақ хандығының басты орталық қалаларының бірі болғандығы орыс деректерінде айтылады.