Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
"ГРУЗИЯДАН МАХАББАТПЕН" фестиваль-байқауының жүлдегерлегі
07-07-2018 01:34
Үлгілі "Айгөлек" би ансамбілі 29.06.-01.07. аралығында Грузия мемлекетінің Батуми қаласында өткен ІІІ Халықаралық "ГРУЗИЯДАН МАХАББАТПЕН" фестиваль-байқауына қатысып, бірнеше категорияда жүлделі І орынға ие болды. 10 мемлекеттен келген 75 ұжымның арасынан суырылып шығып, Қазақстанның, облысымыздың намысын қорғап, биік шыңнан көрінуі - шығармашыл да, талантты жетекшінің еңбегі. Ол Динара Негматуловна Зембаева.
Республикалық "Мағжан оқулары" байқауының жүлдегері
30-06-2018 01:18
Республикалық
Мағжан Жұмабаевтың туған ауылы Сарытомарда ақынның 125 жылдығына орай үлкен той өтті. Ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, бəйге, балуандар күресі ұйымдастырылып, Қазақстанның танымал əншілері əн шырқады. Сондай-ақ оқушылар арасында Республикалық "Мағжан оқулары" байқауы өткізілді. Гимназиямыздың 7 сынып оқушысы Мұрат Нұрдəулет "Өлең- менің Шолпаным, Күнім" бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!
Қош келдің Жаз!!!
02-06-2018 22:06
Қош келдің Жаз!!!
1 маусым Балаларды қорғау күні гимназияда сауықтыру лагері ашылып, қалалық жағажайда балалар үшін мереке ұйымдастырылды. Барлық балалар танымдық, спорттық шараларға белсене қатысып, сыйлықтармен мараратталды.
"Отбасындағы баламен болатын кикілжің" атты семинар-практикум
02-06-2018 22:04
"Мен өмірді таңдаймын" атты облыстық акция шеңберінде гимназияда "Отбасындағы баламен болатын кикілжің жəне оны шешу жолдары" атты семинар-практикум өтті. Гимназия психологы Назигүл Шаймарданова конфликтінің жағымды жəне жағымсыз жақтары, оны шешу жолдары, жасөсіпірімнің эмоционалдық, физиологиялық жағдайына əсер етуші факторлар, олардың ең негізгі қажеттіліктері туралы түсіндіріп өтті.
"Дарындыға-дархан жол 2018" шығармашылық кеш
22-05-2018 01:05
18 мамыр гимназияда жыл сайын дәстүрлі түрде "Дарындыға-дархан жол 2018" шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында гимназияның абыройын түрлі олимпиадалар, ғылыми жоба, сайыс, спорттық жарыстар мен пікірсайыстарда, интернет олимпиадалар мен оқуларда асқақтатып жүрген оқушылар марапатталды. Ал "Жыл оқушысы" атағына Республикалық пән олимпиадасының қола жүлдегері, 11 сынып оқушысы Боранбай Бихан ие болды.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
21-05-2018 00:52
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
15 мамыр Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы барлық Қазақстан мектептерінде өткізілді. Гимназияда да ата-аналар шақырылып, мектепте атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді. Мектеп директоры М.Касенова "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар, жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан қызметіне баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
«Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері»
21-05-2018 00:39
«Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері»
Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2018 жылғы 16 мамыр күні мектеп оқушылары арасында «Мәшһүр–Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты Х облыстық зияткерлік конкурсын өткізді. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау бойынша гимназияның 9-сынып оқушысы Жумабаева Дильнара ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Шапауова Асем Сембиевна. Құттықтаймыз!
"Күй өнерінің құдіреті" атты фестиваліне шақырамыз
14-05-2018 20:28
20018 жылдың 15 мамыр күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында гимназияда өтетін "Күй өнерінің құдіреті" атты фестиваліне шақырамыз. Бағалы мұраларымыздың бірі - күй. Ендеше күй тыңдап, ұлттық өнерді ұлықтауға асығайық. Фестивальдің басталуы сағат 14.00-де, өтетін орны: мәжіліс залы.
"Мәңгі өшпес ерлік" атты Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын
13-05-2018 20:39
8-мамыр күні гимназияда "Мәңгі өшпес ерлік" атты Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. ҰОС-да ерлік көрсетіп, Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен батыр бабамыздың майдандағы талай ерлігі мен ержүректігі туралы 8ә, 9ә сынып оқушылары көрініс көрсетіп, барлық мерт болған батырларды 1 минут үнсіз еске алды. Отан қорғаған батырларға өлең де, ән де, би де арналып, олардың ерлігі болашақ Отанқорғаушыларға жігер берді.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы
02-05-2018 19:09
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы
Өскемен қаласында «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 24-28 сәуір күндері Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысында 10-сынып оқушысы Карибаева Малика «Тіл шебері» номинациясымен және 9ә сынып оқушысы Кунтаева Әмина «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен мараппатталды.
ГИМНАЗИЯ ЖАҢА 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
30-04-2018 22:52
ГИМНАЗИЯ ЖАҢА 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылына 1, 5, 7, 9-сыныптарға оқушыларды қабылдау жүргізеді. Қабылдау байқауына қатысу 10.05.2018 дейін жалғасады. Өткізу орны: Ақсу қаласы, Әуезов көшесі,58, Байланыс телефоны: 6-42-94, 4-90-07, 5-16-81.
«Қауіпсіз интернет»
25-04-2018 23:47
«Қауіпсіз интернет»
24 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» ақпараттық кампаниясы аясында 6-11 сынып оқушылары арасында жиын өткізілді. Жиын барысында оқушыларға әлеуметтік желілерде дұрыс әрекет ету, ресуртарды дұрыс қолдану мәдениеті туралы, өзінің жеке басына қатысты ақпаратты енгізу ережесі жайлы ақпарат беріліп, ой бөлісілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерден келетін зиянды ақпараттардан қорғану жолдары туралы брошюралар таратылды