Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай конференция өтті
23-10-2021 19:12
Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай конференция өтті

Гимназияда 21 қазан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және халыққа қызмет етуді міндет емес өзінің парызы санаған Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Ұлтын сүю білімнен емес, мінезден» атты мектепішілік конференция өтті. Конференцияға С.Торайғыров университетінің PhD докторы Е.К.Рахимов, тарих пәні мұғалімі, ардагер ұстаз Б.Ш.Ибраева, мұғалімдер, жоғары сынып оқушылары қатысты. Бүкіл саналы ғұмырын халқының азаттығы мен еркіндігіне арнаған Алаш қозғалысының көсемі, саяси қайраткер, экономист-ғалым, тарихшы-этнограф, әдебиеттанушы әрі публицист Ә.Бөкейхановтың өмірдерегі мен тартысқа толы тағдырына арналған «Ұлт үшін туған тұлға-Әлихан» атты, «Ә.Бөкейхановтың Тәуелсіздікке қол жеткізудегі еңбегі мен қайраткерлігі», «Әлихан Бөкейханов-ұлт жанашыры» тақырыбында, 8 сынып оқушылары Калмахан Жасмин мен Каиржанова Аида, баяндамалар оқылды. С.Торайғыров университетінің ғалымы Е.К.Рахимов Алаш партиясының қайраткерлері мен тәуелсіздік үшін жан берген, талмай еңбек еткен Ә.Бөкейханыңтың қоғамдық өміріне толық тоқталды. Оның туып өскен ортасы, білімге деген құлшынысы мен қазақтан шыққан тұңғыш, кәсіби заңгер болғанын мақтанышпен жеткізді. Әсіресе,саналы ғұмырын халқын отаршылдық езгіден, қараңғылықтан құтқару жолындағы орасан зор еңбегі мен қайраткерлігіне ерекше тоқталды. Қорытындысында, жас тарихшы Мұтан Мұратбек, Әлихан Бөкейхановтың айтқан дана сөздері мен ойтолғаныстарына тоқталып, оның терең мағынасын ашты. Конференцияның негізгі мақсаты да осынау зор тұлғаның ерен еңбегін ұлықтап, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың санасына сіңіріп, зердесіне тоқуына ықпал ету еді. Өшпестей із қалдырған ұлы тұлғаның өмірі мен қайраткерлігі туралы әлі де зерттелетін еңбектер жетерлік. Оны ізденіп зерттеу болашақтың еншісінде.