Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар
26-11-2021 18:15
«Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар

18 қараша күні мектеп психологы және тәрбие жөніндегі директор орынбасарының ұйымдастыруымен 7 сынып ата-аналарына  «Жасөспірімдік шақ және ізгілік педагогикасы» атты семинар өткізілді. Семинарда жасөспірімдік шақтағы баланың психологиялық, физиологиялық дамуындағы өзгерістер, осы жастағы баламен қарым-қатынас ерекшеліктері туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, ата-аналарға ізгілік педагогикасының негізін қалаушылар, бала тәрбиесінде ізгілік педагогикасының принциптері мен қағидаларын қолдану тиімділігі жөнінде сөз қозғалды. Ата-аналармен практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдары бойынша жадынамалар таратылды. Кездесу соңында ата-аналар психолог маманға сауалдар қойып, жасөспірімдермен қарым-қатынастағы мәселелерімен бөлісті.