Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі
29-11-2021 19:14
Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жоғары сынып оқушылары "Қағандық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанғазы Еркеғали ағамен кездесті. Кездесу ТЕДх конференциясы бағытында "Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудегі Ұлы тұлғалар өнегесі" тақырыбында ұйымдастырылды. «ҚАҒАНДЫҚ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанғазы Еркеғали аға болашақ ұрпақтың қоғамдық санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтардың маңызы, ер балалардың намысы мен жауапкершілігі туралы құнды пікірлерімен, тұшымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар биылғы жылғы мерейгер тұлғалар Ә.Бөкейханов, Ы.Алтынсарин, Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен болашақ ұрпақ үшін, ел тәуелсіздігі үшін жасаған еңбектері туралы баяндады. Кездесу оқушылардың ұлттық, қоғамдық санасын жаңғыртуға үлкен әсер етіп, өмірлік бағытын айқындауда ұлы тұлғалардан өнеге алуға ықпал етті.