Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Stem - ғылыми-техникалық техникалық білім негізі
28-01-2023 18:05
Stem - ғылыми-техникалық техникалық білім негізі

Қазіргі кезде білім беру мен ғылымды дамыту бағытында оқушыларды “STEM” оқыту технологиясына баулу қарқынды дамуда.

ҚР оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Caravan of Knowledge» компаниясы Қазақстанда STEM білім беруді дамыту жұмысын қолға алып,Республикамыздың ұстаздарын оқытуда.

Осы орайда гимназиясының физика және информатика пәнінің мұғалімі Бибігүл Васильевна Атик STEM-білім беруді енгізудің курсын тәмамдап, STEM-жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі халықаралық сертификатқа ие болды.

Гимназиямызда «STEM-ғылыми-техникалық білім негізі» атты жоба жүзеге асырылуда. 25 қаңтар күні Б.В.Атик облыс ұстаздарына « STEM оқытушысы ретінде табысқа жету үшін не қажет?» тақырыбында онлайн форматта шеберлік сынып өткізді.

Бұл іс- шарада ұстаздар STEM мұғалімі оқушыларда қандай дағдыларды дамыту, STEM оқыту әдістері, 5Е оқыту циклін оқытуға қолданатын зерттеуге негізделген модулдің құрылымы жөнінде жұмыстарына қажетті құнды мәліметтер алып, ары қарай да бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлады.