Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында МИФ апталығы
10-02-2023 17:05
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында МИФ апталығы
Апталықтың алғашқы күндері информатика мұғалімі Жеңісхан Н. мен математика мұғалімі Катепбай А. Май ауданы жас мамандарына ашық сабақ берді.
Апталықтың келесі күндері:
- 5-9 сыныптарға «Математика ақыл-ой гимнастикасы» тақырыбында жарнама, 5-сыныптар "Математика жайлы қызықты деректер" атты қабырға газетін жасады. 6-сыныптар арасында математика пәні мұғалімдері Ерғали Б. мен Даян Ж. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», 7-8 сыныптар арасында «DARYN» - интеллектуалдық ойындарын өткізді;
Апталықты қорытындылау мақсатында Ақсу қаласының құрметті азаматшасы Сламбекова Рымкеш Хамитовнамен «Дара жол» танымдық бағдарламасы ұйымдастырылып, Рымкеш Хамитовна оқушылармен өзінің өнегелі сөзі мен жүріп өткен дара жолындағы қызықтарымен бөлісті. Әркімнің өз дара жолы бар, алайда оны дара ету өз қолымызда - деген мақсатта апталығымыз өз мәресіне жетті.
Апта бойы үздік нәтиже көрсеткен сыныптар мен оқушылар марапатталды. Мектебіміздің өнерлі оқушылары Асылхан Альтайыр әнмен шашу шашса, Гүлзада мен Айдана түркімен күйін орындап, көрермендерімізді қуантты.