Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Мақал - сөздің мәйегі» атты сайысы
25-04-2023 17:12
«Мақал - сөздің мәйегі» атты сайысы

Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
Ата-бабамыздан қалған осындай өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту мақсатында 5-сыныптар арасында «Мақал - сөздің мәйегі» атты сайыс өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
1-кезеңде сурет арқылы мақал-мәтелді табу болса,
2-кезең «Жалғасын тап» деп аталды. Мұнда мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек болды.
3-кезең «Кім жылдам» деп аталды. Аты айтып тұрғандай 2 минут ішінде берілген тақырып бойынша қай топ көп мақал айтса, сол топ жеңіске жетеді. Оқушылар сайысқа белсене қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар қортынды әдеби кеште марапатталады.