Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
4-сынып оқушыларына психолого-педагогикалық консилиум
24-05-2023 15:38
4-сынып оқушыларына психолого-педагогикалық консилиум
2023 жылдың 22 мамыр күні гимназияда 4 “а” және 4 “ә” сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум өтті.
Консилиум тақырыбы: "Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық".
Мақсаты: 4-сынып оқушыларының орта буында оқуға дайындық жағдайын қарастыру, сынып оқушыларына мінездеме беру, болашақ 5-сынып оқушыларының білім алып дамуына неғұрлым нәтижелі, қолайлы жағдайды жасау мәселелерін қарастыру.
Консилиум барысында болашақ 5 сынып пән мұғалімдері Lesson study бойынша өздері қатысқан сабақтардағы оқушылардың білімі мен белсенділіктеріне талдау жасады.
Сынып жетекшілері Елубаева М.С, Омарова А.Р. сынып оқушыларына жан-жақсы сипаттама берді.
Гимназия психологы Шаймарданова Н.Т. оқушылармен жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындыларын ұсынды.
Психолого-педагогикалық консилиумға гимназия әкімшілігі, болашақ сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты.