Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
І Халықаралық психологтар форумы
20-06-2023 17:19
І Халықаралық психологтар форумы

2023 жылдың 15-16 маусым күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі "El Umiti" корпоротивтік қорымен бірлесіп ұйымдастырған "БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН, ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ДАМЫТУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР" атты тақырыпта І Халықаралық психологтар форумы болып өтті. Форумның негізгі міндеттерінің бірі-балалардың дарынын дамытатын білім беру ұйымдарының қызметіне заманауи ақпараттық және психологиялық технологияларды енгізу, мәселелерді анықтау мен шешу жолдарын әзірлеу. Форум жұмысына Шотландия, Венгрия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен оқушылардың қабілеттері мен дарыны психологиясы саласы бойынша жетекші шетелдік және отандық зерттеушілер қатысты. Сондай-ақ Форум жұмысы барысында жетекші Халықаралық және Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің шеберлік сабақтары мен психологиялық тренингтері ұйымдастырылды. Екі күндік форумда мектептердегі психологиялық жұмыстың қиындықтары мен маңыздылығы кең ауқымда талқыланып, алдымызда тұрған сын-қатерлер айтылды. Мектептегі психологиялық сүйемелдеу жұмысын жақсартудың және психолог мамандарға қандай қолдау жасалу қажет екендігі де талқыланып, форумның соңында қорытынды резолюция қабылданды. Алдағы уақытта бұл ұсыныстар қарастырылып, жағымды өзгерістер болады деген сенімдеміз. І Халықаралық психологтар форумына Павлодар облысы делегациясының құрамында гимназия психологі Шаймарданова Назигуль Тусуповна да барып келді. Форумнан алған ақпараттар мен тәжірибелер алдағы уақытта оқушылардың қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту жұмысы барысында қолданылып, жүзеге асырылады деп ойлаймыз.