Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ата-аналарға арналған “Әрбір бала - жұлдыз” атты семинар
20-11-2023 17:10
ата-аналарға арналған “Әрбір бала - жұлдыз” атты семинар

“Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ” науқаны аясында 5-7 сынып ата-аналарымен “Әрбір бала - жұлдыз” атты семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында ата-аналармен өткізілген “Ақ қарға”, “Көңілді сәлемдесейік” тренингтері төзімділікті арттыру, ортақ шешім қабылдай алу, ойларын жинақтауға бағытталды. Директордың орынбасары Г.Бакирбекова “Жыныстық тәрбие беру-зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтар мен құқықбұзушылық, жыныстық қолсұғушылықтың себептері мен салдарына тоқталды. Сондай-ақ күнделікті тәрбие беру барысында қарым-қатынас, әрекеттер, әңгімелесу арқылы балалардың өз -өздеріне сенімділігін қалыптастыру, зиянды әдеттерді болдырмау, өзін қауіпсіз сезіну мен оны сақтауға үйрету жолдарын түсіндіріп өтті. Балалардың жеке шекарасын сыйлау, оны сақтауға үйрету, отбасында қыз бала мен ұлға жыныстық тәрбие берудің маңыздылығы туралы құнды кеңестер берілді. Мектеп психологы Н.Шаймарданова қазіргі қоғамда белең алған “Буллинг” мәселесіне тоқталып өтті. Буллинг көріністері, буллинг жасауға бейім балалардың ерекшеліктері, оның отбасылық, өзгелік факторлары туралы ақпарат беріп, түрлі жағдайларды талдап- талқылап, әлімжеттік көрсету жағдайындағы дұрыс іс-әрекеттер, алдын алу бойынша кеңестер беріп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналарға түрлі жағдаяттар беріліп, өздері дұрыс деп таныған шешімдерді таңдап, оның себебін ортаға салып талқылауға қатысты. Семинар соңында ата-аналар тарапынан кері байланыс жасалып, қортынды жасалды.
Барлық қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз