Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Оқушы шығармашылығын шыңдаған кездесу.
06-02-2013 09:00
Оқушы шығармашылығын шыңдаған кездесу.

6 ақпан күні  Ақсу қаласы дарынды балаларға арнлған мамандандырылған гимназияда Бұһар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының ұйымдастыруымен ҚР жазушылар одағының мүшесі,ақын  Шолпан Байғалымен кездесу өтті. Кездесу барысында ақын өзінің  әдебиеттегі ақындық жолы мен  поэзиясына ерекше тоқталып, оқушыларды өлеңдерімен сусындатты.

Осы кездесу аясында Бұһар жырау музейі  құнды «Жәдігерлер сыр шертеді» атты  көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған  заттар арқылы келген қонақтарды жергілікті ақын -жазушылардың өмірімен таныстырып өтті.

Гимназияның шығармашыл,ақындыққа жаны құмар жастары облысымызға танымал жас ақындармен кездесіп, ой бөлісті. Дөңгелек стол барысында жас ақындарымыз  М.Мақатаевтың шығармашылығынан өлеңдер оқып, прозаға бойлады. Кездесу барысында   тамаша әндер шырқалып, күй шертілді. Гимназия оқушылары да мектепішілік өткен Мақатаев оқуларына дайындаған бірқатар өлеңдерін,өз жанынан шығарған туындыларын  ақындар алдында оқып берді.Жазушы Шолпан Байғалымен, жас ақындармен кездесу гимназия оқушыларының шығармашылығын шыңдап, өнер мен әдебиеткедеген қызығушылығын оята білді.Осындай сүбелі шаралар қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің мерейін арттырары анық.