Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Дені сау ұрпақ тәрбиелейік
02-03-2013 09:03
Дені сау ұрпақ тәрбиелейік

Қазіргі кезде денсаулық, салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбы өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Себебі денсаулығы мықты адам ғана болашақта  дені сау ұрпақты дүниеге әкеліп, еліне, отбасына толыққанды қызмет ете алады. Сондықтан  салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру, насихаттау мақсатында гимназияда 26 ақпан күні «Денің сау болған керемет!» атты спорттық-танымдық шара өтті. Шараға Ақсу  қалалық емханасы СӨС-ті қалыптастыру кабинетінінң меңгерушісі Мұңсызова Меруерт Кабиболлақызы қатысып, төрелік жасады. Шара басында 5-7 сыныптардан тұратын Болашақ, Дауа, Сымбат, Қырандар, ММДэнс, Салауат атты 6 топ темекі тарту, нашақорлық, зиянды індеттердің алдын алу бойынша көрініс көрсетіп, СӨС-ті насихаттау тақырыбында  газет қорғады. Сымбаттылықты қалыптастыруға арналған бірнеше жаттығу түрлерін әсем әуен ырғағымен көрсетіп, сынып жетекшілерімен бірге дәрумендердің адам өміріндегі маңызы, зиянды әдеттерден арылу, Қазақстанның спорттағы жетістіктері туралы бірнеше сауалдарға жауап берді. Шара қортындысы бойынша 6а сынып, жетекшісі Ә.С Шапауовамен бірігіп көрсеткен тамаша өнерлері мен тапқырлықтарының нәтижесінде жеңіске жетті.   Ұлтымыздың болашағы дені сау ұрпақ болса, сол ұрпақты салауаттылыққа баулу бүгінгі күннің еншісінде екенін ұмытпайық.

Гимназияның СӨС координаторы Айсұлу Мухитова