Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Мұқағали оқулары
09-02-2013 09:00
Мұқағали оқулары

2013 жылы 4-9 ақпан аралығында гимназияда мектепішілік дәстүрлі Мұқағали оқулары апталығы  өтті.    Осы орайда   4 ақпанда мектеп кітапханасында мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, байқауға 21 оқушы өтініш білдірсе, 7 ақпан күні ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау  байқауы өткізілді. 9 ақпан күні «Таң қалма, Мұқағали заңғарға» атты қорытынды кешпен жалғасын тауып, мәнерлеп оқу, ән байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі. Оның сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан қуат  алып, сусындамаған қазақ баласы кемде-кем. Ақиық ақынның сексен екі жылдығын жұрт болып жоғары деңгейді тойлау – бүкіл қазақтың азаматтығына сын!