Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Республикалық Ақыл-ой Одиссеясы (Odyssey of the mind) сайысы
02-04-2013 08:50
Республикалық Ақыл-ой Одиссеясы (Odyssey of the mind) сайысы

2013 жылдың 26-31 наурыз аралығында гимназиямыздан 18 ші Республикалық Ақыл-ой Одиссеясы (Odyssey of the mind) сайысына қатысу мақсатында Алматыға аттанған төрт топтың да қоржындары жүлделі орындармен  толы оралды. Амренова Арман Балғабайқызының жетекшілігіндегі «Аврора» тобы ІІІ орынды,  Хуаныш Жайнагүлдің жетекшілігіндегі «Сиета Эстрелла» тобы ІІ орынды, Смагулова Айзат Есқазықызының «Art teenagers» тобы мен Бекбасова Бахтула Шәріпқызының «Я+ТЫ» тобы І орынды иеленіп қайтты. Алматының Алатау бөктеріндегі көз тартар әсем табиғатында оқушыларымыз көктемгі демалыстарында әрі демалды, әрі бақтарын сынады. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен Сейтахмет Еділ, Ермек Айша, Тастемір Гүлзат  сынды оқушылар Роната Руссо атындағы медальдарға ие болды. Спонтанды  және ұзақ мерзімді мәселелерді шешу барысында гимназия оқушылары әділқазылар алқасының таңдайларын қақтырды. Жан-жақтан келген басқа топтармен достық қатынас орнатты.  Жүлделерге оранған оқушылардың қуанышы мен әсерлерінде шек жоқ. Қанжығаларына төрт бірдей орынды байлап келген оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтап, өнерлерің өрге жүзсін демекпіз!