Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары
19-10-2015 11:27

Мектеп мәселесі: дарынды оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайларды туғызу

Мектеп тақырыбы: Дарынды қабілеті бар балалардың жеке бағытта оқыту жағдайындағы іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері мен мазмұны.

Мақсаты:  Дарынды оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту

Тәрбие жұмысы тақырыбы: Оқушы бойындағы ерекше қабілеттерін дамытудаұжымдық әрекет  ету.

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Оқушылардың шығармашылық, өзара қарым-қатынас, ұлатаралық толеранттылық қабілетін дамытуға бағытталған тәрбие жүйесі арқылы  өзін-өзі қалыптастыру, дамыту, өзгерту мүмкіндігін жүзеге асыруға бейім тәрбиелеу ортасын құру,тәрбие компонентін күшейту.

Міндеттері:

1.Оқушылардың шығармашылық қабілетін зерделеп, жеке дара әлеуетін дамытуда тәрбие  жүйесін жетілдіру.

2. Сынып жетекші қызметінің мазмұнын,сыныптың тәрбие жүйесін  ұжымдық шығармашылық әрекетті технологияларға бағыттау, кәсіби шеберлігін шыңдау.

3.Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру.