Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Қ.Сәтбаев апталығының қорытындысы
16-04-2013 11:50
Қ.Сәтбаев апталығының қорытындысы

Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 114  жыл толуына байланысты 12 сәуір күні қалалық және мектепшілік Қаныш Сәтбаевтің мүсініне  гүл шоқтары қойылды. 13 сәуір күні 1-сынып оқушылары Гимназист қатарына  қабылданды. 15 сәуір күні «Есімі ел есінде» атты апталық жоспары бойынша қорытынды сап түзеуде кіші пән олимпиадасында және облыстық спорт жарыстарда жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. Сонымен қатар 12 сәуір күні Павлодар қаласында Торайғыров атындағы  ПМУ-де өткен «ХІІІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияға гимназиядан 16 оқушы қатысып,  8-сынып оқушысы Турапекова Айым І орынға, 10-сынып оқушысы Ибраева Сая ІІІ орынға қол жеткізді, барлық қатысушы оқушылар «Алғыс хатқа» ие болғандары аталынды. Апталық барысында жоспарланған сынып сағаттары мен интеллектуалдық ойындардың қорытындылары шығарылды.