Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Көктем шуағы" қайрымдылық апталығы. Мейірімділікке бастар жол.
23-04-2013 11:43

«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» - дегендей дүниеге шыр етіп келіп, Отан ана топырағын басып жүріп, ананың аялы алақанының жылуына бөленбей, бақытты балалық шақ не екенін сезіне алмай жүрген балалардың саны елімізде әлі баршылық. Ақсу қаласында да осындай көздері жаутаңдап, ата-ана мейірімінен айрылған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер жоқ емес. 19 сәуір күні гимназияның бір топ оқушылары қаламыздағы балаларға арналған панажайға барып, осы мекеменің тәрбиеленушілерімен қызықты да тартымды кездесу өткізді. Олар бір-бірімен қызықты ойын арқылы танысып, ән айтып, би билесті.Ойын кезінде балалар болашақта қандай мамандық иесі болғылары келетіні, армандары туралы сыр шертті.Кездесу соңында гимназия оқушылары тәтті сыйлықтарын табыс етсе, панажай балалары алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп, барлығы  жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Аға тәлімгер: Омаргалиева А.