Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау рәсімі
04-05-2013 08:39
Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау рәсімі

2 мамырда ынтымақ пен бірлік күні аясында Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. Жас ұлан  республикалық ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімін өткізу ұстаздарға, ал Жас қыран қатарына жоғары сынып оқушыларының жасұландықтарына берілді. Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің атынан салтанатты  Ант беру құрметіне  2ә -сынып оқушысы  Жанибек Жансая ие болды. Жас ұлан қатарына өткен балаларды гимназия директоры  Рымкеш Хамитқызы құттықтады. Бұдан кейін мерекелік іс-шара музыкалық құттықтаулармен жалғасты. Сахнада «Жас әуен» вокалдық тобы, Айгөлек би ансамблі, Көкшетау жеріндегі Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалып, көңілді тапқыштар байқауына қатысып келген гимназия  «Жеті қыран» командасы өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңында «Көктемгі қайырымдылық апталығына» белсенді қатысқан сыныптар мен спорттық жарыстарда жүлдегер атанған оқушылар марапатталды.