Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс»
08-05-2013 11:42
«Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс»

9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында гимназияның 1-4 сынып оқушылары арасында  «Отанға қызмет - құрметті іс» атты суреттер байқауы өтіп, оқушылардың суреттерінен мектеп фойесінде көрме ашылды. Сыныптарда, aтап айтқанда, 6ә сыныбында «Шуағы тарқамасын жер  үстінің», 6а сыныбында «Соғыс ардагерлері біздің есімізде», 8-сыныпта «Ер есімі- ел есінде», 7ә сыныбында «Ерлік пен шыдамдылықтың белгісі немесе Абыз батыр» атты тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларды  мәнерлеп  өлең  оқу, Ұлы Отан соғысындағы аталарымыздың ерлігін ұлықтау   мақсатында кітапханашының ұйымдастыруымен «Жер шарындағы өмір үшін» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу байқауы өтіп, бастауыш сыныптар арасында І орынды Орынбаева Анель, орта сыныптардан І орынды  Тасова Дариға иеленді. Қатысушылар мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.

Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 10-сынып оқушыларынан құралған «ЖасҰлан» тобы   облыстық «Ту ұстаушылар» байқауына қатысып, сертификатпен марапатталды. 

Ардагерлерге  құрмет көрсету, қайырымдылық жасау әр оқушының міндеті деп санайтын 6 ә сынып оқушылары қалалық  Ардагерлер үйіне барып, кездесу өткізді. Қалалық «Жеңіс  мұрагерлері» авторлық әндер мен өлеңдер байқауына гимназияның аға тәлімері Омарғалиева Әсемгүл Қаршығақызы  «Жеңіс» әнімен қатысып, бас жүлдені иеленді.

7-мамыр күні мәжіліс залында ҚР Қарулы Күштері күніне және Жеңіс күніне арналған «Жеңіс біздің жүрегімізде» атты салтанатты  шара өткізілді. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылар, кейінгі ұрпаққа жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.