Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
ЖАЗ - 2023
20-05-2023 16:16
ЖАЗ - 2023
Құрметті ата-аналар! 5 маусымнан бастап мектеп жанындағы сауықтыру лагері мен бағдарлы лагерь өз жұмысын бастайды. Лагерьде оқушыларды түрлі мәдени-танымдық, спорттық ойындар, сауық шаралары, танымжорықтар мен шеберлік сабақтары,сондай-ақ түрлі бағыттағы сайыстарға , олимпиадаларға, жобаларға дайындық күтуде. Барлық ақпаратты сынып жетекшілер арқылы және гимназияның жұмыс телефондары арқылы білуге болады: т.4-90-07 Жазғы демалысты қызықты, әрі пайдалы өткізейік.
Республикалық кешенді олимпиададасының жүлдегері
19-05-2023 15:03
Республикалық кешенді олимпиададасының жүлдегері
Республикалық кешенді олимпиадада 6 сынып оқушысы Алпысбай Айару 2 орынды иеленді. Айару, жарайсың! Республикадан орын әкелемін деп уәде беріп едің. Уәдеңде тұрдың. Өркенің өссін! Жетекшісі Ақмарал Еркенқызын тағы бір жеңісімен құттықтаймыз!
“Менің мектебім БУЛЛИНГКЕ қарсы” республикалық флешмоб
19-05-2023 14:05
“Менің мектебім БУЛЛИНГКЕ қарсы” республикалық флешмоб
“Менің мектебім БУЛЛИНГКЕ қарсы” республикалық флешмобына гимназия оқушылары белсенді қатысты.
Республикалық "ProEco" конкурсының жүлдегерлері
17-05-2023 18:00
Республикалық
"ProEco" конкурсының Республикалық кезеңінде 6ә-сынып оқушылары Абраева Алуа, Кайрулла Асылай Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшісі Смагулова Гүлдана Сейфоллаевна.
"ProEco" конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
17-05-2023 17:23
"ProEco" конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы: ▫️Абраева Алуа, Қайролла Асылай- І орын; ▫️Алпысбай Айару -І орын; ▫️ Амангелді Назира, Ермек Сабина -ІІ орын; ▫️ Мухаметгалиева Сания -ІІІ орын; ▫️ Мырзагумаров Ерасыл - ІІІ орын. Жетекшілері: Гүлдана Сейфуллаевна, Алтын Сериковна, Назигуль Тусуповна.
Бірыңғай құқықтық тәрбие сағаттары
16-05-2023 15:53
Бірыңғай құқықтық тәрбие сағаттары
Құқық онкүндігі аясында 15 мамыр Бірыңғай құқықтық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. “Күш көрсетпей қарым-қатынас жасаудың ережесі”, “Заңды бұзу бұл…”, “Жасөспірімдер арасындағы Буллингті қалай тоқтатуға болады?” тақырыбына арналды. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талдай отырып,дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренді, жағымды әрі адал достықты қалыптастыру, сыйластықтың маңыздылығы туралы ой бөлісіп, құқықбұзушылықтың салдары мен жазалау түрлері туралы заң тармақтарына шолу жасады.
Жасөспірімдер арасында булингті қалай тоқтатуға болады
16-05-2023 15:32
Жасөспірімдер арасында булингті қалай тоқтатуға болады
Құқық апталығы жоспары негізінде “Жасөспірімдер арасында булингті қалай тоқтатуға болады” тақырыбында 8 а және 8 ә сыныптар арасында пікірталас өткізілді. Сайысқа 2 топ қатысты. ІІІ кезеңнен тұратын сайыста: 1 кезең фактілер, дәйек сөздің мағынасын ашу; 2 кезең булингке қатысты жағдаяттарды талдау және шешім қабылдау; 3 кезеңде оқушылар сұрактарға жауап берді. Пікірсайыс нәтижесінде 8”А” сынып командасы жеңіске жетті.Оқушыларға дебат қатысушылары төрелік жасады.
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
15-05-2023 18:54
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
Құқық онкүндігі аясында Ақсу қаласы прокуратурасы қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры К.Т.Байболатовпен “Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында 14, 16 жасқа толған жасөспірімдердің әкімшілік, қылмыстық жауапкершілігі, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
5-сыныпқа қабылданған оқушылар тізімі
15-05-2023 18:42
5-сыныпқа қабылданған оқушылар тізімі
2023-2024 оқу жылына конкурс нәтижесі бойынша 5-сыныпқа қабылданған оқушылар тізімі.
Менің отбасым - менің мақтанышым
14-05-2023 16:39
Менің отбасым - менің мақтанышым
Отбасы күніне орай бастауыш сынып оқушылары “Менің отбасым - менің мақтанышым” тақырыбында асфальтта сурет салды.
“Құқығын білген ұтылмас” атты тақырыптық кездесу
13-05-2023 14:06
“Құқығын білген ұтылмас” атты тақырыптық кездесу
Құқық онкүндігі аясында 5-7 сынып оқушыларымен Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Адилхан Бексолтан “Құқығын білген ұтылмас” атты тақырыптық кездесу өткізілді. Кездесу барысында қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылық, қылмыс пен тәртіпбұзушылық үшін жауапкершілік пен ата-анаға салынатын айыппұл туралы түсіндіріп өтті.
Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының жүлдегері
12-05-2023 15:40
Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының жүлдегері
Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларында Махсатхан Қымбат 2 орынды иеленді. Мұғалімі Акмарал Еркеновна мен Кымбатты кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!