Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды
06-06-2023 15:47
 Ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды
Гимназияда 8ә сынып оқушыларының ата-аналарымен тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің мақсаты: ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты,түсіністік пен сүйіспеншілікті арттыру, оқу жылын позитивті қорытындылау. Ата-аналар мен балалар “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, “Ең қымбат сэлфи”, “Біздің отбасының құндылықтары” атты психологиялық жаттығулар орындады. Ата-аналар балаларына жылы сөздер айтып, олардың жақсы қасиеттерін атап өтті.
“ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN” байқауының жеңімпазы
06-06-2023 15:15
“ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN” байқауының жеңімпазы
Гимназиямыздың 6а сынып оқушысы Жукенова Жания халықаралық “ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN” байқауында пианино бағыты бойынша Гран При, хореография бағыты бойынша жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Қорытынды әдістемелік кеңес
02-06-2023 18:05
Қорытынды әдістемелік кеңес
Дәстүрлі түрде өтетін қорытынды әдістемелік кеңесте жыл бойы атқарылған әдістемелік жұмыстың қортындысы шығарылып, атқарылған істерге сараптама жасалды. Облыстық, республикалық деңгейде жетістікке жеткен мұғалімдер мен сынып оқушыларын нәтижелі жұмыс пен ұйымшылдыққа жұмылдыра білген сынып жетекшілер марапатталды. Барлық марапатталған мұғалімдерді құттықтаймыз
1 маусым Балаларды қорғау күні
02-06-2023 14:17
1 маусым Балаларды қорғау күні
1 маусым Балаларды қорғау күні гимназияның 10 сынып оқушылары Каиржанова Аида мен Махсатхан Қымбат қалалық мерекеде Ақсу қаласы әкімі Нұрлан Дюсембиновтың марапаттауына ие болды. Аида мен Қымбат облыстық, республикалық додалардың жеңімпазы.
Соңғы қоңырау - 2023
01-06-2023 17:13
Соңғы қоңырау - 2023
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы гимназияны аяқтап отырған 28 түлегімізге сәттілік тілейміз. Жолдарың ақ, сапарларың сәтті болсын.
Жылдың басты оқиғасы
29-05-2023 16:55
Жылдың басты оқиғасы
30 маусым күні сағат 17.00 баршаңызды жыл бойы білім мен ғылым, спорт пен өнер жолында биік жетістіктерге жеткен оқушыларды марапаттау кешіне шақырамыз!
Қорытынды әдістемелік кеңес
29-05-2023 14:26
Қорытынды әдістемелік кеңес
Гимназия әдістемелік қызметі « Жеке тұлғаға бағытталған оқыту- тиімді білім берудің негізі» бағытымен жұмыс жасауда. Осы бағытта жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесі 29.06 күні қорытынды әдістемелік кеңесте сараланып, үздік ұстаздар, ӘБ жетекшілері марапатталып, әдістемелік кеңес жұмысы бағаланады.
“1 маусым балаларды қорғау күніне” арналған пікірсайыс өтті
28-05-2023 15:12
“1 маусым балаларды қорғау күніне” арналған пікірсайыс өтті
26-шы мамыр күні “1 маусым балаларды қорғау күніне” арналған пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 5-6 сыныптар қатысты. Пікірсайыс тақырыбы “Бұл палата еліміздегі экологиялық мәселені шешуге ең тиімді жол ұсынады”. Пікірсайыс ойыны өте қызықты өтті. Ойын ортасын қатысушылар өз сұрақтары арқылы қыздыра түсті.Әр фракция өз позициясын нық қорғап шықты. Тағы айта кетерлік нәрсе ол көрермендер де өз ойымен қай позицияны қолдайтынын бөлісті. Үздік спикер бойынша 6”А” сыныбынан Хусман Мұхамедәли мен 6”Б” сыны
“Діни білімді әлеуметтік желілерден іздеу қаупі” тақырыбында кездесу
28-05-2023 14:18
“Діни білімді әлеуметтік желілерден іздеу қаупі” тақырыбында кездесу
Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы мамандарының ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларымен “Діни білімді әлеуметтік желілерден іздеу қаупі” тақырыбында кездесу өткізді. Орталықтың теолог-эксперті Ж.Бертымұратов мен түсіндіру- ақпарат бөлімінің меңгерушісі З.Асанбаева түрлі діни ағымдардан сақ болуға, интернеттегі ақпаратты тексеріп қана қолдану, алдау-арбауға түсіп қалмаудың жолдары туралы түсіндіріп өтті.
4-сынып оқушыларына психолого-педагогикалық консилиум
24-05-2023 15:38
4-сынып оқушыларына психолого-педагогикалық консилиум
2023 жылдың 22 мамыр күні гимназияда 4 “а” және 4 “ә” сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум өтті. Консилиум тақырыбы: "Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық". Консилиум барысында болашақ 5 сынып пән мұғалімдері Lesson study бойынша өздері қатысқан сабақтардағы оқушылардың білімі мен белсенділіктеріне талдау жасады.
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
24-05-2023 13:01
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Бос орындарға оқушыларды конкурс негізінде қабылдайды: 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сынып Қажетті құжаттар: ✓Өтініш үлгі бойынша; ✓ ТУу туралы куәлік, ЖСН; ✓Оқу орнынан электрондық мекенжайы мен фотосы бар анықтама; ✓ 3/4 фотосурет, 2 дана. ✓оқу жетістіктері (табель,диплом)
READx жобасы
23-05-2023 14:22
READx жобасы
Мектебімізде READx жобасы өткізілді, жобаға 5 спикер қатысып, олар тыңдаушылармен өздерінің ішкі жан-дүниелеріне, көзқарастарына аса қатты әсер еткен шығармалары мен кітаптары жайында ой бөлісті. 6”ә” сынып оқушыларынан құралған спикерлер жобаға келген тыңдаушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт сыйлады. Тыңдаушыларға «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, шара соңында карточкалар арқылы “Үздік спикер” және “Үздік шығарма” анықталды.