Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жаңалықтар
Білім күні құтты болсын!
01-09-2023 17:43
Білім күні құтты болсын!
Гимназиямызда алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтіп, ”Мектеп-мейірім мекені” атты тәрбие сағаттары өтті.
"Дарын" РҒПО-ның 25 жылдық мерейтойы
18-08-2023 19:17
"Дарын" РҒПО-ның 25 жылдық мерейтойы аясында гимназия директоры Дюсембаев Аскербек Култаевич дарынды балаларды тәрбиелеу және оқыту ісіне қосқан елеулі еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!
ГИМНАЗИЯҒА ҚАБЫЛДАНҒАН ОҚУШЫЛАР
18-08-2023 17:24
ГИМНАЗИЯҒА ҚАБЫЛДАНҒАН ОҚУШЫЛАР
Конкурстық негізде Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияға қабылданған оқушылар: Ермек Әлішер, Булатов Санжар, Еркинбекқызы Фатима, Абдумтали Иманғали, Толева Аяжан, Смаилова Аяулым. Резерв тізімі: Кабиденова Адина, Тезекбаев Асанали. Құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында асыға күтеміз.
Гимназия түлегі, мақтанышы - Кайдарова Алтынай.
08-08-2023 18:10
Гимназия түлегі, мақтанышы - Кайдарова Алтынай.
Ақсу қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған гимназиясының түлегі ғылымға үлесін қосуда. Қазіргі таңда Алтынай Бельгияда электронды тері жасаумен айналысады.
Ата-аналар мен оқушылардың назарына!
05-08-2023 12:25
Ата-аналар мен оқушылардың назарына!
Мектеп формасы туралы ақпарат
”Мектепке жол” акциясының басталғанын хабарлаймыз❗️
01-08-2023 13:30
”Мектепке жол” акциясының басталғанын хабарлаймыз❗️
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ”Мектепке жол” акциясының басталғанын хабарлаймыз❗️ Гимназия ата-аналарын, түлектер мен жеке кәсіпкерлерді, көмек қолын беруге дайын әрбір азаматты мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз. Байланыс телефондары: 87774154935, 87006864196, 4-90-07
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
25-07-2023 14:18
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
"Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы" КММ Бос орындарға оқушыларды конкурс негізінде қабылдайды: 6,7,8,9,10,11-сынып. Қажетті құжаттар: ✓Өтініш үлгі бойынша; ✓ТУу туралы куәлік, ЖСН; ✓Оқу орнынан электрондық мекенжайы мен фотосы бар анықтама; ✓3/4 фотосурет, 2 дана. ✓оқу жетістіктері (табель,диплом) Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінен бақылау жұмыстарын орындайды. Қосымша ақпарат: 2-44-04
Нұрәділді IELTS халықаралық емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз!
10-07-2023 16:39
Нұрәділді IELTS халықаралық емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз!
11 сынып оқушысы Амангелді Нұрәділді IELTS халықаралық емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз! Congratulations to Nuradil Amangeldi on passing IELTS Academic and high results! Еске сала кетсек, Нұрәділ 2022-2023 оқу жылының республикалық пән олимпиадасында және республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлдегер атанған.
“Күншуақ” жазғы лагері
08-07-2023 12:39
“Күншуақ” жазғы лагері
“Күншуақ” жазғы лагерінде өткен тағы бір күн балаларға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Жас түлек - 2023
21-06-2023 19:21
Жас түлек - 2023
Биыл гимназиямызды 28 түлек аяқтады. Оның 4-і Алтын белгі,2-і Үздік аттестат иегерлері. Алдарында сан тарау жолдары тұр, Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр. Үлкен өмір есігін ашпақ міне, Түлектерге сәт сапар тілейік біз. Сәт-сапар түлектер.Әрқашан жолдарың ашық болсын, тек биік шыңдардан көрініңдер.
І Халықаралық психологтар форумы
20-06-2023 17:19
І Халықаралық психологтар форумы
2023 жылдың 15-16 маусым күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі "El Umiti" корпоротивтік қорымен бірлесіп ұйымдастырған "БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН, ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ДАМЫТУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР" атты тақырыпта І Халықаралық психологтар форумы болып өтті. І Халықаралық психологтар форумына Павлодар облысы делегациясының құрамында гимназия психологі Шаймарданова Назигуль Тусуповна да барып келді.
Жазғы лагерьдегі қызықты күндер
19-06-2023 14:47
Жазғы лагерьдегі қызықты күндер
”Күншуақ” жазғы лагерінде “Пицца шоу” шеберлік сабағы өтті. Қыздар дәмді пицца дайындаудың қыр-сырымен танысып, аналарына қолғанат болуға үйренді.